- •Тіл ашар Практикалық араб тілі
- •Хамзат қажымұратұлы
- •Бірінші сабақ Араб алфавиті
- •Екінші сабақ Әріптердің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылуы
- •Харекет
- •Үшінші сабақ Әріптердің сөздің басында, ортасында, аяғында жазылуы
- •Төртінші сабақ
- •Бесінші сабақ
- •Тә мәрбута
- •Алтыншы сабақ
- •Жіктеу есімдігі
- •Жекеше түрі
- •Жетінші сабақ
- •Сілтеу есімдігі
- •Сегізінші сабақ
- •Есімдіктер (Тәуелді жалғауы)
- •Жаңа сөздер
- •Тоғызынші сабақ Қосымшалар
- •Оныншы сабақ Өткен шақ
- •Етістіктер
- •Мысалдар
- •Жаңа сөздер
- •Он бірінші сабақ
- •Етістіктер
- •Жаңа сөздер
- •Он екінші сабақ Қосымшалар
- •Туыстық қатынаста болу – міндет
- •Он үшінші сабақ
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Он төртінші сабақ Қосымшалар
- •Жекеше түр
- •Жекеше түр
- •Міндет амалдар
- •Жаңа сөздер
- •Он бесінші сабақ Болымсыз етістік
- •Сөйлемдер
- •Жаңа сөздер
- •Он алтыншы сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Реттік сан есім
- •Жаңа сөздер
- •Он тоғызыншы сабақ Күрделі сан есім
- •Жиырмасыншы сабақ Туынды үш түбірлі етістіктің өткен шақ, осы шақ түрінде қолданылуы
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма бірінші сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Ай аттары
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма екінші сабақ
- •Сөйлемдер
- •Жиырма үшінші сабақ Сұраулық шылаулар
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма төртінші сабақ
- •Сөйлемдер
- •Жаңа сөздер
- •Антонимдер
- •Аудармасы
- •Жиырма бесінші сабақ Сұраулық шылаулар
- •Мысалдар
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма алтыншы сабақ Сұраулық шылаулар
- •Жиырма жетінші сабақ
- •Мысалдар
- •Жаңа сөздер
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма сегізінші сабақ Атыфтар (жалғамалы қосымшала)
- •Жаңа сөздер
- •Жиырма тоғызыншы сабақ Жалғамалы қосымшалар
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Отызыншы сабақ Жалғамалы қосымшалар
- •Аудармасы
- •Жаңа сөздер
- •Отыз бірінші сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Жаңа сөздер
- •Отыз екінші сабақ
- •Жаңа сөздер
- •Отыз үшінші сабақ
- •Алтыншы бап
- •Оныншы бап
- •Отыз төртінші сабақ Дамирлардың (есімдіктер) түрлері
- •Жаңа сөздер
- •Жаңа сөздер
- •Мазмұны
П р а к т и к а л ы қ а р а б т і л і ــــــــــــــــــــــــــــــــــــــــــــــــــ
Тіл ашар Практикалық араб тілі
1-кітап
Хамзат қажымұратұлы
2016 жыл
Алғы сөз
Қолдарыңыздағы «Тіл ашар» кітабы араб тілін меңгеруде, тілді практикалық тұрғыда қолдануда көмекші құрал болады деген үміттемін. Бұл оқулық медресе шәкірттерінің бірінші курстарына арналғанымен араб тілінде өз ойын жеткізуді қалайтын, қажылық парызын ниет еткен адамдарға араб тілді адамдармен араласқанда ойын реттеп, жеткізуде пайдалануға болады. Бұл еңбекте жалпы араб тілі грамматикасына мәлім (наху, сарф) жүйе қалыптаспаған. Бұл кітапта араб тілі грамматикасы жеңілден ауырға қарай бағытталған күйде үдемелі тәсілмен үйретіледі. Алфавиттен басталғандықтан араб тілінде сөйлеуге арналған дәрістер алтыншы сабақтан басталады. Әрбір тақырып өткен сайын оны бекіту үшін мысалдар көп көмегін тигізеді. Әрбір тақырыптын артында жаңа сөздер көбінесе өзінің қолданысындағы тіркестерімен бірге жүреді. Грамматикалық тұрғыда мәліметтер келесі 2- кітапта берілгендіктен бұл кітапта негізі сөз жаттау ісін және оны есте қаларлықтай және қолдануға шамасы келу тәсіліне ереше көңіл бөлдік. Әрбір сабақтың артында Құран аяттарына оның түсіндірмелеріне қайту үшін мысалдар келтірдік. Дәрістің аудио нұсқасы сабақты жақсырақ түсіну үшін өз көмегін тигізеді, өйткені кітапта жоқ мәліметтер аудио нұсқада болуы мүмкін. Бір сабақта өткен сөз басқа сабақтарда қайталануы мүмкін ондағы мақсат жаңа сөздерді басқа қырынан көрсету және есте қалдыру. Кітаптың ішінде 2000 тарта жаңа сөз бар. Сабақ барысында адамға қажетті кейбір діни мәліметтер де баршылық. Бұл еңбектегі негізгі бағыт жатталған жаңа сөздермен барынша тиімді қолдану арқылы сөздік қорды көбейту.
Аллаһым Құран тілі, жәннәт тілі араб тілін үйренуге жәрдем бергей.
Бірінші сабақ Араб алфавиті
Араб алфавиті 28 әріптен тұрады, оңнан солға қарай жазылады, әріптер үлкен кіші болып бөлінбейді. Дыбысталуы жағынан қазақ әріптеріне 20 әріпі ұқсайды, қалған 8 әріптің өзіндік дыбысталу ерекшеліктері бар. Ол әріптердің шығару үлгісіне оқулық біраз деңгейде көмек болғанымен араб тілін оқыған, Құран оқу білетін ұстаздардан үйренген абзалырақ.
Транскрипция |
Арабша оқылуы |
Әріптің жекеше жазылуы |
№ |
а/ә |
әлиф |
ـ ا ـ1 |
1 |
б |
бә |
ـ ب ـ |
2 |
т |
тә |
ـ ت ـ |
3 |
с |
сә2 |
ـ ث ـ |
4 |
дж |
джим |
ـ ج ـ |
5 |
х |
хә3 |
ـ ح ـ |
6 |
х |
ха |
ـ خ ـ |
7 |
д |
дәл |
ـ د ـ |
8 |
з |
зәл4 |
ـ ذ ـ |
9 |
р |
ра |
ـ ر ـ |
10 |
з |
зей |
ـ ز ـ |
11 |
с |
син |
ـ س ـ |
12 |
ш |
шин |
ـ ش ـ |
13 |
с |
сад |
ـ ص ـ |
14 |
д |
дад |
ـ ض ـ |
15 |
т |
та |
ـ ط ـ |
16 |
з |
за1 |
ـ ظ ـ |
17 |
___ |
айн3 |
ـ ع ـ |
18 |
ғ |
ғайн |
ـ غ ـ |
19 |
ф |
фә |
ـ ف ـ |
20 |
қ |
қаф |
ـ ق ـ |
21 |
к |
кәф |
ـ ك ـ |
22 |
л |
ләм |
ـ ل ـ |
23 |
м |
мим |
ـ م ـ |
24 |
н |
нун |
ـ ن ـ |
25 |
һ |
һә |
ـ ه ـ |
26 |
у |
уау |
ـ و ـ |
27 |
и |
я |
ـ ي ـ |
28 |
###1. Ескерту: Араб әріптерінің оқылуындағы ерекшеліктерге орай, оны араб тілін жақсы меңгерген, Құранды тәжуидпен оқи (Құран ережесімін) білетін адаммен оқыған абзал.
### 2. Ескерту: Кестедегі алфавитте көк түспен белгіленген әріптер жуан әріптер, қызыл түспен белгіленген жіңішке әріптер.
Араб әріптерімен таныса келе, дыбысталуы жағынан қазақ әріптеріне ұқсастықтар мен айырмашылықтарын байқадық және өз ішінде кейбір әріптерде дыбысталу жағынан жақындық бар.
1- خ ح ه әріптері: خ – жуан х болса, ح – одан жіңішке әрі тамақтан қырылсыз шығады, ه - көмейден ақырын қалыпта дыбысталады.
2- ذ ز ظ әріптері: ذ - әріпінің шығу жолы тілдің ұшы тіске қойылып з әріпін шығарады. ز - әріпі қазақ тіліндегі «з» әріпімен шығу жолдары бірдей. ظ - «ذ» әріпінің жуан түрі.
3- ث س ص әріптері жоғарыдағы ذ ز ظ әріптері секілді дыбысталады, айырмашылығы «з» әріпінің орнына «с» әріпі.
4- ت ط әріптерінде ت қазақ тілінде «т» әріпі секілді дыбысталады, ط сол әріптің жуан түрі.
5- د ض әріптері де жоғарыдағы ت ط әріптері секілді дыбысталады, «т» әріпінің орнына «д» әріпі.
Тапсырмалар:
1-жаттығу. Араб әріптерін жаттау және дыбысталу екекшеліктеріне және қазақша транскрипциясына мән беру.
2- жаттығу. Араб әріптерінің арасындағы ұқсастықты айыра білу, сондай-ақ қай бөлігі жолдың үстінде, қай бөлігі жолдың астында жазылуына мән беру.
Ескерту: Қосымша мәліметті аудио дисктегі 1-сабақтан ала аласыз.
