Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

9.Қазақстан-Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы(антропогегез,техногенез,социогенез).Тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.

Қаз.аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д. 800-140 мың ж.)кезеңіне жатады.Алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай білуі,аң аулау,терімшілікпен айнаоысуы,тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәт.бөлектенуі.Климаттың жылы ж/е құрғақ болуы. Тасты жару үшін жұмыр тас қолданды.Алғашқы еңбек құралдары чоппер,чопплинг болды.Солт.Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611 тас құрал табылды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келді.Ескерт:Оңт.Қ. Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Қарасу, Орт.Қаз. Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы. Шығ.Қаз.Қозыбай. Бат.Қаз. Шабақтысай,Сарытас. Орта пал. (140-40 мың ж.) оңт.Қаратау жотасынан сол.Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін,бат. Сарысу өз.орта ағысынан шығ. Ертіс өз.жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастады. От алуды үйрену, діни сенімінің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандерталь адамның пайда болуы.Еңбек құралдардарын жасау тәсілі-неуклеустік.Мустерліктер адамның аяғын бүгіп бір қырымен жатқызып жерлеген. 1938 ж.Өзбекстанның оңт.Тесіктас үңгірінен 8-9 жасарнеандертальдық бала табылған(антрополог-Герасимов).Ескерт:Оңт.Қ. Тоқалы,Қызылрыспек,Үшбұлақ.Орт.Қ.Обалысай,Мұзбел,Өгізтау.Бат.Қ.Өніжек,Аққыр,Құмақаж.Шығ.Қ.Бөдене,Қызылсу. Кейінгі пал. (40 мың-12мың ж. аралығы). Қазіргі адамға ұқсас кроманьондықтың қалыптасуы, жеңіл найза, ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы,аналық рулық қауымның орнауы. Тас құралдарын жасау тәсілі-ретушьтік. Ескерт:Оңт.Қ.Ащысай,Үсіктас.Орт.Қ.Батпақ,Қарабас,Бат.Қ.Аққыр,шақпақата. Шығ.Қ.Свинчатка,Шульбинка,Пещеры,Қанай.Мезолит (12-5 мың ж.) климат жылынып,мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстарпайда болды,жебелі садақ, бумеранг, балық аулау құралдары,қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Ескерт: Солт.Қ.Мичурин,Тельман,Екібастұз.т.б. Орт.Қ.Әкімбек, Қарағанды. Неолит (4-3 мың ж.) жерді өңдеу,мал шаруашылығымен айналасу,қыш ыдыс жасау,тігін тігу, кен өндіру. Ескерт: Оңт.Қ.Қараүңгір,Үшбұлақ, Қарақұдық.Шығ.Қ.Нарым, Қызылсу, Сатшықыз. Солт.Қ.Қаратомар, Дамсы, Ботай. Бат.Қ. Құлсары, Сарықамыс т.б. Орт.Қ.Қосқұдық, Ырғыз,Қараторғай, Батпақ. Солт.-батыс Қ. Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Аманкелді, Мақанжар,т.б.

10.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Абылай - қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері. 15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан Абылай қазақтарды жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, бірлігін қамтамасыз етуді мақсат еткен. Абылай ханның ішкі саясаты. Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын (тактикасын) кеңінен қолдану мен қатар, жаңа жағдайға байланысты жаңа әдіс-тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй түрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Олар: Тәтіқара ақын, Үмбетай, Бұхар жыраулар... ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы дербестігігің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқалардағы кемшіліқ Абылай хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Хан билігін бұрынғысынша билер мен султандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттіқ машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды. Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды.