Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

44. Абай Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы.

(1845—1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Орыс отаршылдығымен келген жаңа мектептер жас Абайдың талпынатын нысаны болды. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді. Отаршылдықпен бірге келген ақын, жазушылар – Пушкин, И.А. Крылов, М.Ю. Лермонтов, И. Гете және Дж. Байрон, қазақ әдебиетіне, Абайдың өзіне қатты әсер етеді, жаңа көкжиектер ашады. Абай танымал орыс ақын және жазушылар еңбектерін қазақ тіліне аударып қазақ даласына жібереді. Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адам қоршаған болмысқа дегенөзінің саналы қатынасын қалыптастыруға тиісті. Ол адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс. Сондықтан Абай естілер қатарында болғысы келген барлық адамдарды: «Күніне бір рет,н/е аптасына бір рет, тіпті ең болмағанда айына бір рет өзіңе өзің есеп бер, осы уақыт ішінде сен өзіңді өмірде қалай ұстадың, ізгілік пен парасаттылыққа сәйкес келктін істер жасай алдың ба?» деген сұраққа жауап қатуға шақырды. Өз заманындағы қоғамдық қайшылықтар Абайдың діни адамдарға көзқарасынан да көрініс тапты. Дінге шын пейілмен сенуші бола тұрып, Құдайға әділдік пен сүйіспеншілік тән деп есептеп, ол сонымен бірге,Қазақстандағы дінге қызмет ететіндер молдалардың әділдік пен ар-намыстан алыс адамдар екенін көре білді. Олардың көбі өздерінің атақтарын сатып алып,оны баюдың көзі деп қарады. Еңбекшілер бұқарасы тұрмысын жақсарту жолдарын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуден көрді. Қазақтардың прогрессивті дамуын Абай егіншілікті, қолөнер кәсібін ж/е сауданы өркендетумен тығыз байланыстырды. Экономиканы дамытудың осы үш тұтқасы қазақ ағартушысының тұрақты назарында болды, оның пікірінше халық бұқарасы міне осыларға бет қоюға тиіс. Қазақ қоғамының өмірін зерттей отырып,Абай оның кеселдерін тек бірлесіп күш жұмсау арқылы жеңуге болады деген қорытындыға келді. Әрбір адам өз тағдырының қожасы болғанымен, тұтас халықтың да өз тағдыры бар. Сондықтан қоғамнан тыс өмір сүру н/е одан жақсы болу мүмкін емес.

45. 1986 ж.желтоқсан оқиғалары және олардың қоғамның саясалануына әсері. 1986 жы­лы 16 жел­тоқсан­да Қазақстан ком­му­нистік пар­ти­ясы­ның Ор­та­лық Ко­митетінің V пле­нумы бол­ды. Пле­нум­да Қазақстан­ды көп уақыт бойы басқарған Д. Қона­ев­ты ор­ны­нан бо­сатып, мем­ле­кет бас­шы­лығына рес­публи­ка халқына бей­та­ныс Ульяновск об­лы­сы пар­тия ко­ми­етінің бірінші хат­шы­сы болған Г. В. Кол­бин тағайын­далды. Ел бас­шы­лығының ауыс­ты­рылу­ына ар­налған бұл пле­нум 18 ми­нутқа ғана со­зыл­ды. Ор­та­лықтың бұл әре­кеті ба­рып тұрған са­яси қателік және ха­лық мүддесін мүлде еле­ме­ушілік бол­ды. 1986 жылы 17 желтоқсанда – Алматыда жаппай толқулар басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасы басталуының сылтауы – Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағаыйындалуы. Желтоқсан оқиғасының болу себебі: орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама қайшылықтар. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Басқа халықтарға қарсылық және мемелекеттік құрылысты жою үндеулері болған жоқ. Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтірді. КОКП Ішкі істер министірі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министірлігі әскерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдалынады. Жел­тоқсан оқиғасы КСРО-ның ыды­ра­уын тез­детті. Кейіннен пар­тия жел­тоқсан оқиғасын­да жіберілген қате­лерді мойын­да­ды. КОКП ОК-ның жел­тоқсан­дағы жас­тар ше­руін қазақ ұлтшыл­дығы деп кінәлау қате де­ген қаулы шығар­ды. КСРО ха­лық де­путат­та­рының I съезінде ақын, қоғам қай­рат­кері М. Ша­ханов жел­тоқсан­дағы ор­та­лықтың жүргізген іс-әре­кетін қат­ты сы­нап, тұңғыш рет мінбе­де сөз сөй­леді. Бұл жел­тоқсан шын­дығын ашу­дағы алғашқы қадам бол­ды.