Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

63.Шыңғыс хан тұсында моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулаудың басталуы.

Қытай деректерінде Монғолия халқы «Татарлар» д.а.Оның нег.салушы Бөржігін тайпасының билеушісі Есугей Баһадүрдім баласы Темучин.Шыңғысхан мен халқы өздерін монғолдар деп,ал мемл\н Монғол мемл\і д.а.Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандығы жоғары тех\мен танысты.Қытайдан көптеген қару-жарақ қамал бұзатын машиналар алған Шыңғысхан өз әскерлерінің санын көбейтеді.Сөйтіп ол Шығыс Еуропамен алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді.Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен Хорезм шахындағы ішкі жағд\ды біліп,жоспар жасады.Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқ.жүргізбекші болды.ОЛ үшін ол Жебе ноян бастаған әскерді жіберді.Жетісуды Шыңғысхан аса көп қарсылықсыз басып алды.Жетісуды бағындырғаннан кейін ол Хорезмге бағыттады.Шыңғысхан 1219 ж саны 120-150мыңға таяу әскері Ертіс жағалауында соғысады.Монғол әскері Отырырға таяп келгенде Шыңғысхан Үгедей мен Шағатайды осы қаланы қоршау үшін қалдырып,Жошы бастаған бір топты сыр бойымен төмен жібереді.Шыңғысхан ұлы Толей екеуі әскердің нег.күштері мен Бұхарға беттеді.1219ж Шыңғысхан алғашқы соққыны Сырдария бойындағы қалаларға бағыттады.1219ж қыркүйекте Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп оны қоршауға алады.Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияны халық бұқарасының Монғол басқыншыларына қарсы ерлік күресінің айқын көрінісі болды.Қаланың құлауына опасыздық себеп болды.Сөйтіп,Отырар қамалын жермен жексен етіп,Шағатай мен Үгедей бастаған Монғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды.Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды соның бірі Сығанақ қаласы еді.Жошы бастаған Монғолдардың жеті күнге созылған шабуылына қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты,бірақ көп ұзамай жеңілді.Кейіннен Үзгент ж\е Баршынкент қалалары алынды.1220ж Монғол әскерлері Жент қаласын бағындырды.Әскердің Жошы жіберген бөлігі Янзикентті басып алды.1219 -1221 жылға дейін Шыңғысхан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті.Талай қалаларды талап, жойып жіберді.Хорезм шахы Мұхамед Иранға қашып кетті.Сонымен,1219-1221жылдардағы шапқыншылықтың салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері оның балаларына бөліп берілді:Жошы ұлысы – Батыс Қаз. Дешті қыпшақ жері;Шағатай ұлысы-Оңт. ж\е Оңт.Шығыс Қазақстан;Үгедкй ұлысы Жетісудың Солт.шығыс бөлігі.

64. XXғ. Басындағы Қазақстан халқының әлеуметтік және этникалық құрылымының өзгеруі.

XX ғ дың басында Қазақстан көпұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал губернаторлығына (орталығы – Ташкент қаласы), ал Аөмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының аумағы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды. Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917жж) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7 % көбейген. Ақмола облысы бойынша орыстар мен украйндардың үлес салмағы 1897жылы 33,0 %, 1917 жылы 55,7 % дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9 % болған. Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда – 25,7, Сырдарияда – 25,6%, Оралда - 20 %, Семейде - 15,6 %. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украйндардың және басқа да ұлт өкілдерінің, империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігін аңғаруға болады. XXғасырдың басында қазақтар, орыстар, украйндар бүкіл өлке халқының 87%-ынан 95%-ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар және басқа да ұлт өкілдері қоныстанды. XXғасырдың басында егіншілік, мал шаруашылығы халықтың екөп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Сонымен, XXғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық ахуалға талдау жасаған кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын еркін аңғаруға болады: 1) өлкедегі халықтың көп ұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейе түсті; 2) байырғы халықтың үлес салмағы кем іді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украйндардың үлесі өсті; 3) қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар мен отаршылдық-әкімшілік пен кәсіпкерліакке байланысты әлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық аңғарылады.