Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

8. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбалар (антикалық, қытай, ежелгі парсы) ескерткіштері.

Отан тарихының шынайы болымысын айқындау аса мол ізденістер жасауды қажет ететін іргелі жұмыс болып, осы жолда қыруар маңызды істерді атқаруға тура келеді.Арине көне жазба ескерткіштердің осы тұста рөлі зор. Қазақстан туралы көптеген баға жетпес жазба ескерткіштер табылды. Сондай маңызды ескерткіштердің қатарына: І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы;Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші.Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде: Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы». Ежелгі иран жазба ескерткіштерінің де орны бөлек.

Оған мысал ретінде мынаны айтсақ болады. Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы–Авестада көрініс береді.  Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа “тұрларды” да атап өтеді. Ал осы “турларды” ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түрік тектес халықтардың, дәлірек негіздесек қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен турлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.  Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды. 

Сонымен қатар ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде: Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы.

Шығыс деректерін алатын болсақ, оның ішінде қытай деректері. Тарихи құжаттарды жинақтау мен сақтауды ертеден дәстүрге айналдырған Қытай елінің тарихи–мәдени қазынасында Қазақстан мен Орта Азияның тарихы мен мәдениетіне қатысты ұшан–теңіз материалдар қоры сақталған. «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері» атты еңбек көне қытай жылнамаларының ішінен Қазақстан мен Орта Азия көне тарихына қатысты бірсыпыра деректемелерді сұрыптап ұсынған. Бұл деректер уақыт жағынан 5-9 ғасырларды қамтиды. Аталған кезеңде Ұлы Еуразия даласындағы ең негізгі тарихи процесс—аталмыш өңірдегі «түркілесу» процессі. Ұлы Еуразия даласындағы бұрынғы жүріп өткен күрделі саяси-этникалық өзгерістердің нәтижесі ретінде, 5 ғасырдан бастап түрік тілдес көшпенді ұлыстар тарихи саханасына көтеріле бастаған.

Ең бастысы айтулы тарихи кезеңде ұлы дала кеңістігіндегі халықтардың негізгі мәдени және этникалық болмыстары қалыптасып болып, одан ары олардың ұлт ретінде тарихи аренаға шығу кезеңі басталды. Сондықтан еліміздің тарихнамалық қорында төл тарихымыздың осынау тарихи кезеңіне қатысты тарихи деректердің толықтануы отан тарихында сақталып келген ең өзекті мәселелерді айқындауда өте–мөте маңызды болып отыр.