Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

82. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: жасалу тарихы мен семантикасы.

Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эктетикалық санат, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнұран-әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж 4 маусым- Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күні.ҚР-ның туының авторы-Ш.Ниязбеков.Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе,көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн-энергия көзі байлықтың нышаны.Тудағы бүркіт бейнесі-мемлекеттік билікті кеңдікті білдіреді,еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны.Төл туымызды даралап турған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ.Онда “ Қошқар мүйіз ” деп аталатын қазақы өрнек салынған.Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторы-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі,отбасы берекесін,бірлікті,байлықты,бейбітшілікті меңзейді.Қазақстан Әнұраны әуенінің авторлары- компазиторлар М.Төлебаев,Е.Брусиловский, Л.Хамиди болса,мәтінінің авторлары-ақындар М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева.Әнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс тапқан.Әнұран патриоттық сезімнің белгісі.Әнұранның әуені 1992 ж 4 маусымда,ал мәтіні 1992ж 11 желтоқсанда бекітілді.2007 ж 7 қаңтарда “ Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ” конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні қабылданды.Еліміздің жаңа Әнұраны-жұртқа әйгілі “ Менің Қазақстаным” әні. Оның сөзінің авторы-Жұмекен Нәжімеденов, ал ән әуенінің авторы-Шәмші Қалдаяқов.Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан толықтырылды. Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді.Бұл-Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі.Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет-отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.

83. Қр Президентінің «Жаңа онжылдық: жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында заманымыздың тарихи маңызы зор, кең ауқымды жоспарларды белгiлеген болатын.Мемлекет басшысы жаңа онжылдықта республиканы дамытудың стратегиялық жоспарын ұсынды. Экономиканы жеделдете әртараптандыру, адам капиталына инвестициялар, халықтың өмір сапасын арттыру, халық бірлігін және ұлттық қауіпсіздікті нығайту - Президент стратегиясының өзекті бағыттары.Шынында да, қазақстандықтардың орташа айлық табысы бес есе, орташа зейнетақы мөлшері - үш есе өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге азайды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Он жылда 350 мың отбасы - бұл шамамен 1,2 миллион адам - тұрғын үйге ие болды. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі.  Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Біздің жетістіктерімізді мойындай отырып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баян­дамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Қазақстаннның әлемдік деңгейдегі абыройы мен беделі, дүние жүзіндегі ең ауқымды халықаралық ұйым ЕҚЫҰ-на төрағалық етуімен танылды. Сыртқы сауда саясатын жүргізу, ел экономикасына инвестиция тартуда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттің көрсететін қолдауын – еліміздің экономикалық өркендеуінің кепілі деп түсіну қажет. Еліміздегі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу жүйесін өркендетуге, жоғарғы оқу орындарын халықаралық стандартқа сәйкестендіру, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін ел экономикасының қажеттілігіне қарай бейімдеу бағытында Үкіметке берген тапсырмалар уақытында көтеріліп отырған мәселе деп қабылдаймыз. Сондай-ақ, халық арасында көптен айтылып келе жатқан дәрі-дәрмектер өндірісінің елімізде дамыту мәселесі көтеріліп, дәрі-дәрмектердің 50 пайыздан астамын елімізде өндіруге қол жеткізу міндеті қойылды.  Елбасы Жолдауында Қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 72 жасқа дейін көтеруге қол жеткізуіміз қажеттігін, бұл көп жағдайда әлеуметтік мәселелерді шешуімізге, халыққа көрсетілетін нақты медициналық көмекке байланысты екенін, оған байланысты аталған салада жасалатын жұмыстарды ерекше жеткізгеніне ризашылық сезімдерін білдірді.  Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарыс уақытындағы ұтымды іс-қимылының, барлық Қазақстандықтардың бірлігінің нәтижесінде өткен 2009 жылы қол жеткен жетістіктермен, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Республика көлемінде атқарылған жұмыстармен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиясымен ел таныстырылды. Биылғы Жолдауды да 1997 жылы жарияланған «Қазақстан – 2030» Стратегиясының заңды жалғасы ретінде қарастыруға болады. Өйткені Стратегия жарияланғаннан кейін 10 жыл өтті. Өткен онжылдықтың қортындысын шығарып, алдағы онжылдыққа жоспар жасау міндеті тұр. Елбасы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында өткен онжылдықты түйіндеп, алдағы онжылдықтың басты бағдарын жасайды. Атап айтқанда, индустриалды-инновациялық бағдарламаларды іске асыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ұлт болашағына қатысты қадау-қадау мәселелерді алға қойды.

84. ҚР-ның астанасын Алматыдан Астанаға көшіру. Ақмола-Астана тарихы.

Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті. Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3 – ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Алматыдан астананы көшіру экономикалық, экологиялық, географиялық мақсатпен болды. Бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауа райы, жер бітімі, сейсмикалық жағдай, қоршаған ортасы, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. көрсеткіштер бойынша Ақмола қаласы ең лайықты болып шықты. Оған се­беп Ақмо­ланың рес­публи­каның кіндігінде ге­осаяси тұрғыдан тиімді ор­на­ласуы, қала­ның еле­улі өнеркәсіптік әлу­еті, құры­лыс ин­дуст­ри­ясын одан әрі да­мытуға қажетті ба­заның бо­луы, ірі та­сымал то­рабы­на ор­на­ласуы әрі қажетті көлік және те­леком­му­ник, инф­рақұры­лым­ның бо­луы, жоғары білікті кадр­лар әле­уеті, же­ке меншік сек­торды және кәсіпкерлікті да­мыту үшін мүмкіндіктердің мол­дығы, ай­мақтағы са­яси және әле­уметтік тұрақты­лық, қала­ны да­мытуға қажетті бос жер­лердің жеткіліктігі сияқты фак­торлар еді . Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал – губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал – майор Дубельт МПС Ресейде Түмен –Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған. 1994 жылдың 6-шы шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. 1997 ж. 20 қазан­да ҚР Пре­зиденті Н. Ә. На­зар­ба­ев Ақмо­ла қала­сын Қазақстан Рес­публи­касы­ның ас­та­насы деп жа­ри­ялау ту­ралы" жар­лыққа қол қой­ды. Қазақстанның 319 мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды. 1997 жылы қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгінде Астана 710,2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. 1998 жыл­дың 6 ма­мыр­да Ел­ба­сының жар­лығымен ҚР-ның ас­та­насы — Ас­та­на қала­сы бо­лып атал­ды, ал 20 ма­мыр­да «Қазақстан Рес­публи­касы ас­та­насы­ның мәрте­бесі ту­ралы» ҚР-ның Заңы қабыл­данды. Сол жылғы 10 ма­усым­да тәуелсіз Қазақстан­ның жаңа ас­та­насы­ның сал­та­нат­ты ашы­лу рәсімі бо­лып өтті.. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бүгінде Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.