Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

24. Ислам дінінің түрік тайпалары арасында таралуы. Ахмет Яссауи – сопылық (суфизм) діни бағытты уағыздаушы.

VIIғ дың 2жартысында арабтар Мәуереннахрды жаулап алу жорығын бастады. 706 жылдан 715 жылға дейін қолбасшылық өнерімен ғана емес, дипломатиялық талантымен ерекшеленген Кутейб ибн Муслим Бұқараны, Мервті, Самарқандты, Хорезмді, Ферғана мен Шашты басып алды. Бұл қалаларда мұсылмандық мәдениет жедел дами бастады. Арабтар мен батыс түріктері бірігіп, Қытай әскерлеріне соққы берген Талас шайқасынан кейін (751жыл, шілде) ислам діні мен мәдениті Жетісу түріктері арасында тарай бастады. Бұл аумақтарда исламның таралуы өте баяу жүрді және оның өзіндік ерекшеліктері болды: мқсылмандар, христиандар мен зороастрийшілерді қуғындаған жоқ, олар арабтар жаулап алған жерлерде бұрынғы дңндермен қатар өмір сүрді. Әскери қимылдар исламды күштеп енгізуге әрекет жасаған жоқ, бұл жергілікті тұрғындардың «жаңа дінді» өз еркімен қабылдау процесін тездетті. Қарлұқтарды билеген әрі Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қашғарияның өзіне қосып алған Қарахан мемлекеті (IX-Xiғғ.) мұсылмман еліне айналды. 960жылы мемлекеттің ішкі аймақтарында, Жетісуда исламды екі жүз мың түрік жанұясы қабылдады. Бұл оқиға ислам дінін бірінші болып қабылдап, Абд ал-Керім деген жаңа атқа ие болған қарахандар династиясының қағаны Сатұқ Боғра хан есімімен тығыз байланысты. Оның ұлы Мұса қаған болғаннан кейін мемлекеттік дін ислам болып жарияланды. Қазақстанның ортағасырлық түріктері осылайша Алдыңғы және Орта Азия өркениетінің қуатты ықпалында қалды және оның ажырамас құрамдас бөлігіне айналды. XIғ дағы ортағасырлық қалаларда мешіттер менмедреселер көптеп салынды. Ислам қала халқы үшін де, көшпенділер үшін де негізгі дін болды, о лтұрмыста қолданылып, өзінің көптеген салт дәстүрлерін, ерекшеліктерін біртіндеп енгізді. Түріктер қарудың күшімен емес, сенім арқылы мұсылман болған халықтың бірі. Орта ғасырлардағы қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы сопылық поэзияның да едәуір орны болды. Осы кездегі сопылық поэзияның көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауи Испиджаб қаласында дүниеге келді. Ахметтің алғашқы ұстазы ислам дінін уағыздаушы әйгілі Арыстанбаб. Бұқар қаласында сопылықты кеңінен уағыздаушы Жүсіп Хамадиннен дәрңс алған Қожа Ахмет осыдан кейін сопылыққа біржола бет бұрады. Өмірінің көп уақытын Яссы қаласында өткізген Қожа Ахмет «Даналық жайындағы кітап» («Диуани Хикмет») өлеңдер жинағын шығарды. Бұқара қаласында терең білім алған Қожа Ахмет сопылықтың «Ақиқатты тану жолында» үйрену құқығына рұқсат – «Иршад» алып Яссы қаласына келеді және бұнда өзінің сопылық мектебін ашады. Яссауидің басты еңбегі «Диуани Хикмет» түркі тілінде жазылған рухани және гуманистік бағыттағы кітап. Шығарманың негізгі мазмұны да сопылық жолындағы мұсылмандық ілімнің қағидаларын жүзеге асырудың, оларды күнделікті өмірде әрдайым қабылдаумен орындаудың әдіс тәсілдерін үйретуге арналған. Ахмет Яссауидің хикметтерін қарапайым халық қалада да, далада да ауызша таратты. Дала көшпенділері «Даналық кітабын» Құранмен тең санады, оның авторы тірі кезінде ақ адамдар әулие санады. Оның Отаны – Түркістан «Кіші Мекке» атанды. Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани сопылық бағытты одан әрі дамытты.