Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

12. Бүгінгі кезеңдегі қр-ның сыртқы саяси басымдықтары.

Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел. Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді. Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды. Олардың бесеуі жаңадан ашылса, жетеуі Алматыдан көшіп келген. Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде. Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек. АҚШ-пен стратегиялық әріптестік кеңейтілмек. Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінін атап өтті. Жапония, Үндістан, Бразилия, Түркия, Корея Республикасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы мен Африканың жетекші мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ."Қазақстан Республикасы көпжақты ынтымақтастық пен мемлекеттердің жаһандық проблемаларды шешуге ұжымдық жауапкершілігі принципін нығайтуды көздейтін белсенді және теңдестірілген сыртқы саясатты ұстанады", - дейді мемлекет басшысы. Бүгінде еліміздің АӨСШК-ке, Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа төрағалық етуі, сондай-ақ ШЫҰ аясындағы белсенді қызметі Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі болып табылады. Қазақстан ықпалдастық үдерістерді алға жылжыту мен ЕурАзЭҚ аясында Кедендік Одақ құруды жалғастыра береді. ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр. Қазақстан 2011 жылы Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың әртүрлі өркениеттері мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.

13. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және мәдени-рухани салдары.

Тың жер­лердің игерілуі 1954 жы­лы бас­талды. 1954 жы­лы на­урыз­да КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумын­да «Ас­тық өндіруді арт­ты­ру, тың және тыңайған жер­лерді иге­ру» ту­ралы қаулы қабыл­данды. Тың иге­ру, ас­тық өсіретін егістік көлемін арт­ты­ру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кав­каз бен Қазақстан­да жүргізілді.Тың иге­рудің сал­да­ры. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. 1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.