Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

89. Еқұы-дағы Қазақстанның төрағалығы. Саммиттің қорытындылары және тарихи маңызын ашыңыз.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде  республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде  ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та  тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған  жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта  теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасындағы маңызды оқиғалардың бірі – ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы болды

Жалпы, Қазақстанның Төрағалық етуі ЕҚЫҰ-ның құрылымдарын, біріншіден қауіпсізідіктің әскери емес аспектілерінде мамандандырылған. Полициялық қызметтің стратегиялық сұрақтары бойынша бөлім мен Лаңкестікке қарсы бөлімшелерінде қолдауларына айрықша көңіл бөлуде. Осы жылы аталмыш бөлімшелер басшыларының Қазақстанға жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.Міндетін бастағаннан кейін Іс басындағы төраға ЕҚЫҰ-ның алаңдық өкілдері орналасқан бар аймақтарға сапарлар шегіп, ұзақ қақтығыстар сақталып жатқан еледерге келіп кетті. Тарихи қатынастарды және қақтығысты біле отырып, бірінші сапарың Оңтүстік Кавказға шекті (15-17 қаңтар), одан кейін Балқан және Шығыс Еуропаға барды (30 наурыз – 1 сәуір). Сапардың басты мақсаты аумақтардың жағдаймен танысу, «бірінші ауздан» ақпаратты, бағалаларды және ұсыныстарды алу мәселелері болды. ҚР ЕҚЫҰ-ның әлеуетін сенімді нығайту және қақтығыстар нәтижесінде зардап шеккен халықтың гуманитарлық проблемаларын шешу үшін қолдану талпынысы барлық елдерде жағымды қабылданды. ЕҚЫҰ қызметінің екінші өлшемінің ерекше өзгешілігі болып шаралардың кестесіне қатысты басты күнтізбелік кезенінің және тиісінше, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін әрбір мемлекеттің күнтізбесінің де «жылжынуы» идеясы табылды. 1-2 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының елордасы - Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті саяси мүмкіндіктің ауқымды оқиғасына айналды. Алқалы жиынға қатысу үшін 38 мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ 1 вице-президент пен 7 үкімет басшыларының орынбасарлары, 14 министр мен ЕҚЫҰ-ға мүше және оған әріптес елдер мен халықаралық және аймақтық ұйымдардың өзге де жоғары лауазымды тұлғалары келді. Астанада өткен Саммит осынау ауқымды жұмыстардың түйінін шешуге алғышарт жаса­ған алқалы басқосу болғаны даусыз. Бүгіндері «ЕҚЫҰ Қа­зақ­стан төрағалығына дейін және кейін» деген түсінік қалып­та­суда. Бұл Қазақстанның кәрі құрлыққа айтары бар, жол сілтер дәрежеге көтерілгенін мойындау болып табылады. Еліміздің халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолында­ғы тынымсыз еңбегіне жоғары баға берген ЕҚЫҰ Саммиті та­быс­ты қорытындыланды. Жыл басында жұмысын бастаған мәр­тебелі ұйым әлемдегі мемле­кет­тердің қауіпсіздігі мен тұрақ­ты­лығына, Орталық Азия аума­ғын­дағы мәселелерді шешуге әлем­дік қоғамдастықтың назарын ауда­рып, көшбасшы болды деуге толық негіз бар.

ЕҚЫҰ-ның сыртқы қатынастарын бекіту бойынша Қазақстанның төрағалық ету жігерінің маңызды нәтижелерінің бірі Алматы қаласында ұйымдастырылған Еуро-Атлантика және Еуразиядағы қауіпсізідік сұрақтарымен айналысатын маңызды халықаралық ұйымдардың – БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ЕО, Еуропа Кеңесі, ТМД, ҰҚКҰ және АӘСШК басшы/өкілдерінің бейресми кездесуі болып табылды. Кездесу барысында іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастыруын қатысушылар Қазақстандық төрағалықтың жетістігі деп бағалады және де қауіпсіздік жөнінде өзекті проблемалар бойынша, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы аталмыш құрылымдардың тұжырымдамалары туралы өзара ақпарат алмасу жөнінде ашық және баянды ой-пікірлер алмасты. Кездесудің негізгі тақырыбы біріктіруді және өзара іс-қимылды күшейту мәселесі болды. Атап айтқанда, үлкен назар Ауғаныстан бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге және Қырғызстандағы жағдайды үйлестіруге бөлінді.