Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

51. «Қайта құру» және 1985-1991 жж.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы. КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. Дағдарыстың себебі өте көп болды. Саяси саладағы белгілері: 1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы. Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері: - Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. - Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Тауар зәрулігі. Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция. Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды. Қайта құру бағыты. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1.Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды. Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайлы қарады.

52. ХХғ.70-80 жж. басы Қазақстан: экономика, қоғамдық-мәдени өмір мен ұлтаралық қатынастар саласындағы қайшылықтардың өрістеуі.

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасы мен 1980 ж ортасын қамтитын кезең. Бұл кезеңде социалистік бағдарламаларды мемлекеттер арасында жетекші рөл атқарып келген кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. 70-жылдар ерекшеліктері: жаңашыл үрдістер әлсіреді қоғамдық құрылыстың ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды. Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы туынады. 1977ж 7 қазан –КСРО конституциясы қабылданды. 1978ж 20сәуір –Қазақ КСР жаңа конституциясы қабылданды.1963ж –Мәскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш биресми бірлестігі –«Жас тұлпар» құрылды. Бұл ұйым қызметі 1970ж тоқтады. 1974-1977ж –Х.Қожахметов қазақ халқын ұлттыұ қайта түлету мақсатында «Жас қазақ» ұйымын құруды ойластырды. Саяси жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнерде бейнелеген зиялылар қудалауға ұшырады. Ұлыдержавалық шовинистік идеологтары О.Сулейменов «АЗиЯ» (1975ж) кітабында жазылған тұжырымдарды пантюркистік және орысқа қарсы жазылған ұлтшылдық көрініске толы деп айыптап, оқүға тиым салды. 1979ж көктем –КСРО МХК төрағасы Ю:Андропов ұсынысымен КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылданды. 1979ж 16-19маусым – Ақмола жастарының наразылығы. Демонстрацияға қатысушылар Автономияны құруға қарсы үндеулер көтерді. Ақмола оқиғасының нәтижесі:қазақ халқының мүдделерін аяққа басудың көрінісі орталықтың ұлтаралық қатынасты жергілікті халықпен есептеспей, әміршіл әдіспен реттеуінің мезгілі өткенінің дәлелі.

Қоғамдық саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформаларды іске асыруды тежеді. Тежеліс тетігінің өзегі- сөз бен іс арасындағы алшақтық. 70-шы жылдары ғылым мен техниканы тұтастырып, ғылыми-өндірістік бірлестіктер құру мәселесі көзделді. Өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктер көбейді. 1971ж -28, 1985ж -162. осындай бірлестіктермен бірлесежұмыс істейтін кәсіпорындар саны артты: 1971ж -97; 1985ж-610. 80-жылдарың басында КСРО бойынша Қаз-ң үлесіне өндіріске енгізілетін ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3%-ы тиіп, экономикалық тиімділігі-2,9% болған. Өндіріс саласындағы кемшіліктер: республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерін өндірудегі шикізат пен қуатты пайдалану тиімділігі артты. 80-жылдардың ортасында КСРО Батыс Еуропа елдері және АҚШ-пен салыстырғанда әр өнімге шаққанда қуат пен шикізатты 2-3 есе көп жұмсады. Республика басшылығы алып аумаққа әуестенушілікті қолға алды. Нәтижесінде ірі аймақтық өндірістік кешендер тұрғызылды: Павлодар-Екібастұз; Маңғыстау, Шымкент-Кентау. Қаз-ғы ең ірі өндірістік кешен –Маңғыстау (1970ж). Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұсқан келтірді. Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды. Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, балалар шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы түрлі сырқаттарға шалдықты. Осындай эк-қ дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен асиам өнеркәсіп кәсіпорындары мен цехтар бой көтерді: Лисаков кен –байыту комбинаты. Шерубай-Нұра шахтасы. Талдықорған аккумулятор зауыты. Павлодар облысында екібастұз отын-энергетика кешені, Ертісте Шүлбі СэС-і құрылысы басталды. 1975 жылға қарай барлық кәсіпорындар энергетикамен қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштар өндіру-1,8 есе, сары фосфор -2,5 есе өсіп, фосфор өнеркәсібі ксро бойынша алдыңғы қатарға шықты. Мұнайды сыртқа шығару халық шар-на қажетті сырттан тасылатын тауарларды тезірек сатып алуға мүмкіндік берді. 1970-1985ж өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд сом жұмсалды. 1970-85ж өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі -2 есе, машинажасау 4есе, мұнай-химиясында 6,5есе,отын өнеркәсібі 3,8 есе, химия өнеркәсібі-3 есе, өсті. өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен республика одақ бойынша 3-орында болды. 70-80ж алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау халық тұтынатын тауарлар, тамақ, жеңіл өнеркәсіп өндірісі дамуының жеткіліксіз болуына әкеп соқты. Нәт-де халық тұтынатын азық-түлік емес тауарлардың 60%-ы шеттен әкелінеді. Минерал тыңайтқыштар шығару 9бесжылдықта 1,8 есе, сары фрсфор өндіру 2,5 есе өсті. 1980ж 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер, мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шар-ғы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қаз экономикасы қалыпты дами алмады. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, көп пайда тапты. Олар Қаз бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд сом жалпы табыс алып отырса да респ-қ бюджетке бар болғаны 31 млн сом н/е 1%-тен аз қаржы аударды. Ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ж бас кезінде эк-қ тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін құлдырады. Республика ұлттық табысын 60-70% өсіру міндеті қойылсада ол 36% ор-ды. 70-80ж ауыл шар-ғы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданды: Материалдық базаны нығайту Мамандандыру мен шоғырландыру Қаражат көлемін арттыру 1971-85ж –ауыл шар-на 18млрд сом күрделі қаржы жұмсалды. 1964-1985ж мал шар құлдырады: 4,2млн ірі қара; 55 млн қой,ешкі; 5,1 млн шошқа өлім-жітімге ұшырады. Қой саны шабан болса да өсіп отырды: 1971ж 31,8млн; 1981ж-35,2 млн; 1981-85ж өсім тоқтады. Ауыл шар-ғы дағдарысқа ұшырай бастады. 80-ж ортасында азық-түлік өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Ауыл шар-ғы тиімділігінің төмендеуінің басты себебі-шаруалар өзеңбектерінің жемісін өздері көре алмады. 1970-80ж әлемдік социализмнің даму қарқынының бәсеңдеуі байқалды. Жаңартуға ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, «капитализмге қайта оралу» деп бағаланды. Идеологиялық қысым көрсету мен жазалау социолизм елдеріндегі рухани өмірдің басты ұстанымына айналды