Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

85. Ксро-ның құлауы және Тәуелсіз мемлекеттер достығының құрылуы(тмд). Алматы деклорациясы.

1991 жылдың желтоқсан айында РСФСР, Белорусь және Украина басшылары Минск қаласында, 1922 жылғы "КСРО-ны құру туралы" келісім шарттың өз күшін

жойғаны туралы келісімге қол қойды.КСРО-ның құлакының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық.Атап айтқанда ,Одақ экономикасының технологиялық жақтан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Ал саяси себептері жайында айтсақ, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастықтың 80-ші ж аяғында болмағандығын атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы КО елдерінде ұлт толқулары күшейді.Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988ж қараша – 1989ж мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан көп кешікпей-ақ , яғни 1989-1990 ж. Егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген КСРО ыдырады. Желтоқсанның 20-сында тәуелсіз елдер төңірегіндегі мәселелерді шешу үшін, Әзербайжан, Белорусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Молдова, РСФСР, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды, Грузия оған бақылаушы ретінде қатысты. 21 желтоқсанда 11 республика басшылары, "КСРО-ның іс жүзінде өмір сүруін тоқтату жөне егеменді мемлекеттердің құрылуы" жөніндегі құжаттарға қол қойды. Сол кезден бастап, КСРО-ның ресми түрде құлауы аяқталды. КСРО-ның құлауы адамдарға үлкен әсерін тигізді. Өмір бойы Кеңес өкіметіне әбден үйренген кейбір адамдар, өздерін далада қалғандай сезінді. Ол адамдар, Тамыз төңкерісіне дейін және ТМД қүрылғанша, КСРО-дағы қиын жағдай, жақын арада жақсарып, бәрі де өз орнына келеді-деп ойлаған. Бірақта, Кеңес Одағы қайтып оралмас тарихқа айналып кетті. А. Тулеев ол туралы: "Өте қызықты жағдай туды. Өз отаны бар, өз жерімізде өмір сүріп жүрміз-деп ойлаған адамдар, шетелдік адам тәріздес болып қалған...7О миллион Кеңес халқы отансыз қалған- деп айтуға болады...Солардың ішінде мен де болғам"- деп жазады. Бұрынғы кездегі идеологияға әбден баулынған адамдар, КСРО құлағаннан кейін, біреулері өмірдегі басты мақсаттарынан айырылды, екіншілері араққа салынды немесе өздеріне қол жұмсады, үшіншілері өздеріндегі сана-сезімдегі қиыншылықтарды жеңе біліп, нарықтық өмірге кіріп, өз өмірлерін жалғастыруда.

86.«Невада - семей» қозғалысы және Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекет деп жариялау.

Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлауалды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы пайда болды. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті .1989ж, 28 ақпанында Алматыдағы көп адам жиналған митингте О. Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тиым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті. 1989 жылы қозғалыс Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19-шы қазанда болды. Қарағандының 130 мың қозғалысқа қатысушы шахтерлері қарар қабылдады: егер жарылыс жалғасатын болса, мерзімсіз ереуілге шығу туралы. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен мен Жезқазған жұмысшылары қолдады. Жұмысшыларды ҚазКСР Жоғарғы кеңесі қолдады.Халықтың бастамасымен тұңғыш ре тКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Қарусыздандыру мен ядролық қаруды таратпау. Қазақстанның қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты халықаралық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жолын ұстанатын сыртқы саяси бағытымен айқындалады. Қазақстанның болашақ таратпау саясатының негізін қалаған алғашқы қадам – 1991 жылы КСРО өмір сүріп жатқан кезеңнің өзінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы болды.1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. 1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания қол қойды.Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстанның өз аумағынан ядролық қаруды шығару бойынша өз міндеттемелерін толығымен және бұлжытпай орындағанын халықаралық қоғамдастықтың танығанын білдірді.