Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

21.Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс.

Ресейдің 1914 жылдың жазында басталған бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы қазақ халқының жағдайын тіптен әлсіретіп жіберді. Мұның ақыры 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс пен революцияға әкеп соқтыратындығы сөзсіз еді. Қазақтардың иығына енді тағы бір салықтың түрі – соғыс салығы түсті. Патша өкіметі соғыс қажетіне байланысты түйе мен жылқы малдарын, арбалар мен қажетті саймандарды тартып алды. Соғыс басталысымен салық 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Жетісу әскери губернаторы Фольбаум 1916 жылғы 16 ақпандағы бұйрығымен, оларды жер жырту мен тұқым себуге еңбек ақысыз пайдалануды міндеттеді. Ауыл, қала және селолар еңбекшілерінің жағдайы күрт төмендеуіне байланысты Қарағанды және Екібастұз шахталарында шахтерлар, Орынбор-Ташкент және Транссібір теміржолдарындағы теміржолшылар 1914 жылдың өзінде ереуілдер мен көтерілістер жасаған болатын. Сонымен қатар, қоныс аударып келген ауылдардағы ауқаттылар мен қазақ шаруалар арасында күрес үдей түсті. 1916 жылғы 25 маусымдағы II Николай патшаның Сібір, Орта Азия және Қазақстан бұратана халықтарынан 19 бен 43 жас аралығында 400мың ер адамды соғыс аймағындағы құрылыстарды салуға алынатыны туралы жарлығы халықтың наразылығын бұдан әрмен күшейтті. 1916 жылы 23 тамыздағы Түркістан генерал губернаторы А.Н.Куропаткиннің құпия бұрығымен «әскерге алудан болыстық, ауылдық және селолық басқармалардың лауазымды адамдары, жергілікті адамдардан болған төменгі шенді полицейлер, имамдар, молдалар және мударистер, есепшілер, кіші несие беретін мекемелердің бухгалтерлері, мемлекеттік мекемелердің оқушылары және т.б. босатылды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кедейлер, шаруалар, жқмысшылар, батырақтар, қолөнершілер болды. Көтерілісшілер әскерге шақырылушы азаматтардың тізімдерін тартып алып, жойып жіберді. Қарыз және салық жөніндегі қолхаттар мен жер беруге арналған құжаттарды өртеп, болыстық басқармалар мен ауылдарын талқандады. Патша әскерлерімен қиян-кескі шайқасқа шықты. Қазақ қоғамының Жарлыққа көзқарасы әртүрлі болды. Қоғамның бір бөлігі отандастарының тыл жұмысына жіберілуін қолдады. Мәселен, 1916 жылы шілдеде Жетісу әскери губернаторы Фольбаум Верный уезіндегі болыстар мен байлардың кеңесін өткізді. Жиналғандар оған тыл жұмысына жергілікті адамдарды жіберуге көмек беретіндіктерін айтып, дайындық жұмысын дереу бастауға сөз берді. Көтеріліс бүкіл даланы қамтыды. Оның ірі орталықтарының бірі Жетісу облысы болды. Патшанаң жарлығы шыққаннан кейін шілденің басында-ақ Жетісудің көптеген болыстарында қазақтардың съезі өтті. Онда қарулы көтеріліске шығу туралы шешім қабылданды. 1916жылы 16 тамызда 5мыңнан аса көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Жетісу көтерілісшілерінің жазалаушы отрядтарымен қарулы қақтығысы Лепсі уезінде болды. Торғайдағы көтеріліс өзінің ұйымшылдығы және билікті бір орталықтан басқаруымен ерекшеленді. Қазан әскери округінің әскери басшысы генерал Сандецкийдің 1916жылғы 26 қарашадағы мәліметі бойынша көтерілісшілердің жалпы саны 50 мыңға жеткен. Қазан айының аяғында 15мың көтерілісшілер Амангелді Имановтың қолбастауымен Торғай қаласын қоршады. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс Ресейді қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі еді, ұлт азаттық көтеріліс ретінде, патшалық Ресей отарларының арасында болған алғашқы көтерілістердің бірі ретінде бағалауға мүмкіндік береді.