Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

41.Қазақ хандығының тари хына қатысты жазба деректер.

Қазақ хандығының тарихын зерттеу жұмыстарында тарихшылардың бәрі ең алдымен «Тарихи Рашиди» кітабіна сүйенеді. Ол кітапта қазақтардың Моғолстан қатарынана бөлініу, Жетісуда ханықтың негізінің қалануы туралы толық жазылған. Орта ғасырларда қазақтардың политикалық, этникалық, социалдық, мәдениеттік жағдайы туралы нақты жазған. Қазақ хандығы және қазақтар туралы туралы ең толық мәлімет қалдырылған кітаптің бірі осы. XVI-XVII ғасырларда қазақ тарихының маңызды ескеткіші – Қадырғали Жалаиридың (1530-1605) «Жамиғат Тауарих» (Жылнамалар жинағы) шығармасы. Автор өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587жылы Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма (1600-1602) болуымен құнды. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – 1541-1546 ж.ж. парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілхайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. Ол Әмір Поладшы Дулатидың жетінші ұрпағы. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шығармасында жошы хан әулетінің тарихы баяндалған. Қолжазбасы Ташкентте сақталған. XVI ғасырдың 40-жылдары Усман Кухистанидің «Тарих-и-Әбілхайырхани» еңбегі жазылды. Шах Махмуд Шорастың «Тарих» шығармасында Қасым, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар туралы тарихи деректер келтірілген. XVIIғасыр – Әбілғазы Баһадүр (1603-1664) «Түрік шежіресі» кәтабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған. Марғасқа – «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырды шығарған. Жиембет жырау Бортоғашұлы - «Әмірің қатты Есім хан» толғауын жырлаған Қазақтардың соғыстағы және тыңыштық кезіндегі тұрмысы туралы мәлметтерді хорезм ғалымы Фазлаллах ибн ахани Исфахани жазбаларында қалдырған. Оның жазбаларында «Егер бұрындық хан соғысқа аттанса, оның талабымен 40000 мың атты, жақсы қаруланған адам жиналады» деген. тағы бір маңызды мәлімет қазақтардың өмір сүрүп жүрген жердің көлемі 600 кв. таша болады, және қазатар бүкіл сол жер бойы көпіп қонып жүреді деуі, қыстау және жаулау жерлері, ол жақтарда тұратын мерзімі туралы жазуы. Оған қоса кедей деген қазақтың өзінде бірнеше мың бас сиыр, қой және жылқы болады деген. «Егер бір қазақ соғысамын деп шешсе, ол соңына дейін тұрады, оңы жеңу қиындыққа соғады, соншалықты батыр халық. Он жауы болса, не соғысып бәрін жеңеді, не өзі өледі. Егер ауылына не үйіне шабуыл жасаса, олар бәрлық заттарын және әйел, балаларын бір жақа жинап, оны қоршап тұрып қорғайды» деген.Сығанақ қаласы туралы да мәліметтер қалдырған. Қазақ хандығы туралы мәліметтер В.В. Веляминов-Зерновтың «Исследования о Касымовских царях и царевичах» кітабінда, Хафиза Танышаның «Абдулланама», Хантемірдің «Хабиб ас Сийар» жазбаларында қалды. Оған қоса Қазақ хандығы туралы кейбір мәліметтер фрагменттерін сол уақыттың тағы басқы жазбаларында кездестіруге болады.