Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

6. Пән ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оның зерттеулерінің өзектілігі.

Тарих (араб сөзі-"зерттеу, оқиғалар жөніндегі әңгіме"). Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, коньюнктураға жағынып,бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен,қаһармандық ж/е қайғылы сәттерімен қоса, ол қандай болсын сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз. Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген, сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі-тас құралдар,соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары- жануарлардың сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес.Мұндай мәліметтер етелгі адамзаттың материалдық ж/е рухани мәдениеттің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды.Алайда ең басты хабарды алғақы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы-еңбектің тас құралдары береді. Белгілі бір басты әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған,оған сәйкес адамзат тарихы тас,қола мен темір ж/е ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді.Ал,өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге- палеолит, мезолит ж/е неолит кезеңдеріне бөлінеді. Көне тас ғасырының дәуірі-адамзат ж/е оның шаруашылығының қалыптасу кезі-өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Анайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген.Әуелі адам жабайы өсетін дәндерді, жемістер мен жидектердіжинап, жануарларды аулаған.Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық теңдестігіне,еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай,табиғи түрде бөлісуге негізделеді, ж/е өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар болады. Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолынан өтеді.оның бастапқы кезі алғашқы табын-тобыр-басқосы қорғану ж/е бассалу үшін,аң аулау,жиын-терін үшін бірлесу болады. Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеуметтік құрылымның қоғамдық қарым-қатынасы мүлде дамымаған,қауымдық-үйішілік шаруашылығы болмаған. Алғашқы тобыр төменгі полеолиттің ертеректегі екі басқышына-шелльге дейінгі ж/е шелль кезеңдеріне сәйкес келеді.Ашель заманында жаңа әлеуметтік организм-алғашқы қауымға қажетті алғышарттар біртіндеп толысып жетіле бастайды.Мустье дәуірінде отырықшылық,еңбекті жынысы мен жасына қарап,табиғи түрде бөлу жүзеге асады,қауымның бастапқы түрлері пайда болады. Кейінгі палеолиттің адами ұжымдары әлеуметтік жағынан жаңа бір қырынан сипатталды-оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері құрылады.Көптеген зерттеушілердің пікірінше, осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі кәзіргі адаммен бірдей саналы жанға (Homo sapiens) айналуына сай келеді.