Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

30. 1917 Ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдайлар. Түркістанда «Қоқан» автономиясының жариялануы.

Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мəселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта — 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” жəне 1917ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей жəне Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген. РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан жəне Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. сəуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария жəне Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 — Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, əуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқан қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды.

31. Қазақстандағы археологиялық деректердегі сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.

Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия жəне Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. Vғ.) жəне басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мəліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дəуірінің авторлары (гректер)— Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жəне т.б.; 2) Ахеменидтер əулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды. Б.з.б. 7-6 ғғ. – Сібір. Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігінде скифтік-сібірлік «аңдық стиль» өнері пайда болды. Басты тақырыбы – аңдар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған Әр ру, тайпа өзінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған. Аңдарды өздерінің қасиетті тұмары деп есептеген. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған.  Қабан бейнесі – күн күркіреу құдайы деп саналды. Сақ заманында анимизм, тотемизм және магия секілді ең ежелгі діни ұғымдар сақталған. Шірік-Рабат қаласы - апасиактардың астанасы болды. Бұл қоныстың орны Қызылорда қаласынан оңтүстік батысқа қарай 300 шақырым жерде, Қызылқұм шөлінде жатыр. Шірік-Рабат қаласының орнынан б.з.б. 4-2 ғасырларға жататын жебенің ұштары, алтын қапсырмалар, саз бұйымдар табылды. Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының Тянь-Шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды. Сақ қалалары3 бөліктен құралған. Орталықтарындағы күзет мұнаралары бар қамал цитадель деп аталды. Бәбіш-Молда қаласында қамал қабырғалары мен орлары болған. Тұрғындары егіншілікпен айналысқан.Сонымен қатар, қала орнынан қыш күйдіретін пеш, диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Жалпы сақ тайпаларының Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды ескерткіштері туралы мағлұмат грек ғалымы Страбонның деректерінде жиі кездеседі.