Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

72. «Қазақстан-2030» -қр дамуының негізгі басымдықтарын көрсетіңіз.

-1997 жылғы қазан – Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:

-Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

-Реформаларды аяқтау.

-Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

-«Қазақстан барысын» қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылады.

Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7басымдық:

-Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.

-Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.

-Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.

-Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру.

-Энергетика ресурстарын жете пайдалану.

-Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту.

-Демократиялық кәсіпқой мемелекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші қон саясыты шығарылуы тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон үрдістерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық апатқа» ұшырайды.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:

-Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.

-Этникалық түсініспеушілік себептерінен жойылу және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.

Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу.

-Әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру.

-Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.

-Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.

-Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең үрдісі жүріп жатыр. Село-таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлетін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.

Қазақстан-өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

73.Ксро-ның құлау себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптарын көрсетіңіз.

80-жылдардың соңы мен 90-жылдың басында КСРОда саяси идеологиялық бірлік пен біртұтастық жойыла бастады. Оның көрінісі тамыз төңкерісінен анық байқалды. •1991 жылғы 19 тамыз –КСРО президенті М.С.Горбачевтің денсаулығының нашарлауына байланысты Президенттің өкілеттігі КСРО-ның вице-президенті Г.И.Янаевтың қолына көшті. •1991ж. 8 желтоқсан – Минскідегі Беловеж келісімі. Қаралған мәселе: √1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шартты жою. √Тәуеліз Мем/тер Одағын құру туралы келісімге келу. • 1991жылы 13 желтоқсан Ашхабад келісімі. √Беловеж келісімінде қабылданған шешімді қолдау. √Алматы кездесуін жоспарлау. •1991жылғы 21 желтоқсан Алматы келісімі. √КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты. √ТМД құрылды. КСРОның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ –пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне көп қаржы шығарды. Қазақстан экономикасының артта қалуы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта (1986-1990) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді.