Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

15. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ак Орда.

Монғол дəуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу жəне Оңтүстік Қазақстан халықтарының бірігуімен сипатталады. ХІV—ХVІ ғғ. Қазақстанның бұл бөлігі Түркістан деп аталды. Осы кезеңнің бастапқы сатысында Дешті Қыпшақтағы, Орта Азиядағы (Мəуераннахр) Шыңғыс əулетінің иеліктерінде монғол дəуірінің ыдырау үрдісі жүріп, бірнеше мемлекеттер құрылды: Ақ Орда, Моғолстан, Əбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы. Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты,жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды.Солардың бірі –XIII ғ мен XVғ басында ШығысДешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті.Ақ Орда- Қаз аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемл.Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.АО аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыды.АО Жайық өзенінен Бат Сібір ойпатына дейінгі,Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.АОжергілікті түрік тілдес тайпалардан құрылған патриархалдық-феодалдық мемл.XIV ғ 2-жартысында Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында АО Алтын Ордадан бөліне бастайды,әсіресе Орыс хан кезінде Алтын Ордадан мүлде оқшауланады.Мүбарак хан 1327-1328 жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады.Алтын Орда билеушілері бұл жағдайға қарсы болып,Өзбек пен Мүбарак хан арасындағы күресте Мүбарак жеңіліске ұшырап,қырғыздар жері мен Алтайға кетуге мәжбүр болады.XIVғ Алтын Ордада Өзбек ханның баласы Жәнібек кезіндегі аласапыран төңкерісті дер кезінде пайдаланған Орыс Ақ Орда билігін өз қолына алып,мемл.тің күш-қуатын нығайтады.Хан1368-1369жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтыртады.Ол 1374-1375жж Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғарларын бағындырады.Бірақ Алтын Орда билеушісі Мамайды жеңе алмайды.Орта Азияда Әмір Темірдің сескенгендігінен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтар жолда өзіне көмектесуден бас тартқан Түй-Қожаны жазалайды.Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Әмір Темір Тоқтамысқа қару-жарақ беріп,АОны басып алуға жібереді.Бұл жорықтан еш нәтиже шықпағандықтан,ӘТ Орыс хан мен оның баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Тоқтамысты АО тағына отырғызып,Алтын орданы өзіне тәуелді етті.Бірақ Тоқтамыс Орыс ханның 2-ші баласы Темір Мәліктен Сауран түбінде жеңіліске ұшырайды. 1379 ж жорығында Тоқтамыс Темір-Мәлікті ӘТ көмегімен жеңеді де оның өзіне қарсы әрекет жасай бастайды.Тоқтамыс1380 жылдан бастап Алтын орданың бірқатар жерін өзіне қаратып,Мамай ордасын басып алады.1391-1395жж ӘТ жасаған аса үлкен үш жорықтан кейін Алтын орда тас талқан болып қиратылды.XIV ғ аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған ӘТ оның орнына 1395 ж АО тағына Орыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ оғланды хан етіп қойды.1423-1428жж Ақ ордада Орыс ханның немересі Барақ билік құрып,Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады.Алайда 1428ж Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді.Ол Ақ орданың біраз жерін жаулап алып,өз хандығын құрады.АО өмір сүруін тоқтатады.