Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

78. Орал,Торғай облыстарындағы қазақтардың 1867-1868жж. Ережеге қарсы көтерілісі.

Орал Торғай облыстарындағы қазақтардың 1867-1868жж.ережеге қарсы көтерілісі. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды.19 ғасырдың 60-жылдарындағы алғашқы жартысында Қазақстанда,әсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық наразылықтары өріс алды.Көшпелі халықтың ашу ызасын туғызған патша өкіметінің салық саясатының күшеюі болды.Оның үстіне қатардағы көршілер мен ауқатты отбасылар міндеткерлік атқарды.Сондай-ақ,жаңа әкімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді.Салықтар мен міндеткерліктің күрт көбейтілуі мен әкімшілік аумақтық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің бастлуына түрткі болды.1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды.Нашар қаруланған,бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын «қарақшылық» шабуылдарға ұшыратты.1868 жылғы 6 мамырда құрамында 200 қылышты және жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі.Жазалау тобы көтерілісшілерге тегереуін бере алмай,жетінші күні азық түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.1868 жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс,би,сұлтан және старшындарға қарсы 41 рет шабуыл ұйымдастырылады.Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты.Торғай мен Орал облыстарында көтеріліс өртінің ұлғаюына байланысты жергілікті үкімет орындарының қатар орталық үкімет те көтерісшәлерді жазалауға отряд топтарын жөнелтті.Орал облысы аймағына подполковник Рукин граф Комаровский отрядымен бірге,генерал губернатор Веревкин басшылығындағы отряд аттандырылды.Көтеріліс ұйымдаспаған,өзара келіспеушіліктер мен соғыс тактикасының нашар болуына орай басылып,жанышталды.

79. Шыұ негізінде қр әскери қауіпсіздік мәселелерін талдаңыз.

Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымастық ұйымы маңызды рөл атқарады.1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей,Қытай,Қазақстан,Тәжікстан,Қырғыстан басшылары шекараларды бұзбау,олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды.Кейін бұл келісімге Өэбекстан қосылды. «Шанхай келісімі» негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997ж.Мәскеуде,1998ж.Алматыда,1999ж.Бішкек,2000.ж.Душанбе,2001 жылы Алматыда болып өтті.Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып,осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды.2002жылғы маусымда Шанхай ынтымақтаствқ ұйымының кезекті саммиті Санкт Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ- ның құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ –ның Секритариаты Пекинде,ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штаб пәтері Бішкекте орналасатын болды.Бұл кездесуде 3 құжатқа- ШЫҰ Хартиясына,аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.