Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

80. Ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.

81. Қр Президенті Назарбаевтың қр-ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Әрине Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Кеңес Одағының шекпенінен шыққан өзге мемлекеттердегідей Қазақстан үшін де оңайға соқпады. Халық нарық қағидаттарына бірден бейімделе алмады. Одақ кезінде шикізат шығаруға ғана бейімделген, алайда оны өндіруге аса дағдыланбаған біздің еліміздің экономикасы күрт құлдырап кетті. Инфляция шарықтап, халықты жұмыссыздық жайлады. Дүкен сөрелерінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлардың тапшылығы байқалды. Қысқасы тоқсаныншы жылдардың басы Қазақстан үшін экономикалық тұрғыдан да, саяси жағынан да аса сындарлы кезең болды. Алайда, Н. Назарбаевтың таңдаған, стратегиялық бағытының арқасында көпұлтты Қазақстанда ең бастысы қандай да бір қақтығыстардың тұтануына жол берілмеді. Тыныштықты ту етіп, бейбітшілікті тал бесікте тербеткен еліміз «алдымен экономика, содан кейін саясат», деген қағиданы қатаң ұстанып, дамудың өзгеге ұқсамайтын өзіндік моделін жасап, соны жүзеге асырды. Алдымен елдің еңсесін көтеруге, экономиканы қалпына келтіріп, қарқындатуға күш салынды. Қоғамдағы саяси реформалар да рет-ретімен жүргізілді. Осылайша бір-бірімен үйлескен әр саладағы іргелі реформалардың нәтижесінде Қазақстан 90-шы жылдардың ішіндегі тоқыраудан сансырап емес, салиқалы оймен әрі нық сеніммен шықты. Ал, жиырма бірінші ғасыр басталғаннан кейін мемлекетіміз дұрыс құрған экономикалық жүйесінің арқасында дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстанның экономикадағы, саясаттағы реформалары аймақ деңгейінде ғана емес, әлемдік ауқымда да мойындала бастады. Елбасы аймақтың ғана емес, дүниежүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи маңызы зор идеялар мен бастамаларды көтеріп, олардың өмірде іске асуына себепші болып жүр. Жалпы Қазақстанның қай кезеңде көтерген бастамалары болмасын жұртшылық жадында өміршеңдігімен сақталып қалуда. Қазақстанның өмірдің әр саласында  қол жеткізген табыстары бүгінде біздің еліміздің ТМД-дағы жетекші мемлекеттердің біріне айналуына әкелді. Оның үстіне еліміздің қоғамды демократияландырудағы ерен еңбегін ескеріп Еуропа елдері терезесін айқара ашып отыр.

Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы әуел бастан күрделі саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық қатынастарды біртіндеп және сонымен қатар жүйелі түрде реформалау арқылы жүргізілгенін айта келе, Қазақстанның ішкі мемлекеттік дамуда қол жеткізген нәтижелері, жоғары сыртқы саяси деңгейі оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпқырлы қызметінің жемісі екендігін атап айтқан жөн.

Елбасының сан қырлы қызметі арқасында Қазақстан егемендік алу және халықаралық деңгейде танымал болу мәселелерінен бастап ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге дейінгі өсу, өркендеу жолдарынан өтті. Мемлекет басшысының күш-жігерінің, оның батыл да көреген әрекеттерінің арқасында егемендікті сақтап қалып, оны орнықтырып қана қоймай, мемлекеттік дамудың көптеген бағыттары мен көрсеткіштері бойынша Қазақстан өз ұстанымдарын нығайта алды.

Ол мемлекетте әлеуметтік тұрақтылықты қам­тамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ ұлтаралық және кон­фес­сияаралық келісімді және қазақстандық қо­ғам­да толеранттылықты орнықтыруға мүмкіндік берді.

Міне, осылардың бәріне тарих безбеніне көз салсақ, осыдан жиырма жыл бұрын Қа­зақстан Коммунистік партиясы Орта­лық комитетінің ХV пленумында қабылданған тарихи шешімнің бастау болғанын байқаймыз. Содан кейін егемендігіміз туралы декларация қабылданды, ал одан соң Тәуелсіздігімізді жарияладық. Өз қолымыз өз аузымызға жеткеннен кейін қазіргідей деңгейге көтерілдік. Егер де осыдан жиырма жыл бұрын, Кеңес Одағының кесірткідей болса да қауқары бар тұста жоғарыдағыдай маңызды шешім қабылданбағанда, кім білсін, мүмкін тарихтың доңғалағы басқаша айналар ма еді. Бағымызға орай, олай болмады. Ел тізгіні, парасатты, сарабдал адамның қолына тиді, оны халқы қостады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында талай қиыншылықтарды еңсеріп келеміз.