Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

87. Нарықтық экономикаға көшу және тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы мәселелер. (хх ғ. 90жж.-2000жж.)

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу. Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.

Мақсаты:

- Нарықты басқару механизмін еңгізу.

- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.

- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген. Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:

1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.

2. Жекешелендіру.

3. Кәсіпкерлікті дамыту.

4. Монополияны жою.

5. Бағаны босату.

6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге шыру.

1991жылы жекешелендіру процессі басталды. Жекешелекдіру процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші кезең 199-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті: 1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгелеу. 2. Меншіктік құқық беруді дайындау. 3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық процесті реттеуге күш салды.Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995жылдар аралығын қамтыды.

Міндеті: 1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын қабылдау. 2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру. 3. Инвестициялық купондар енгізу. Бірақ 1995 жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындағы белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады: 1.Тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторды қуру. 2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру. 3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайың төмендеуін тоқтату. 1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, 18 млрд. долларға жетті. Осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады. 1997-1998 жылдары Кентау (Оңтустік Қазақстан облысы) және Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады. 1997 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 1996 жылмен салыстырғанда 11,8% кеміді. Республика еңбек рыногының өзіне тән ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болыу (9-11%). Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыс сыздықтың жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды. Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Сонымен қатар елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.