Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

2. Қазақ хандығының 15-17 ғасырдың басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нəтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV-ғасырдың орта шенінде құрылды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, əсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық — Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мəселеге айналды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бəсекелесі жəне ата жауы Əбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Əбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. 1468 жылы қыста Əбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сəтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Əбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Əбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына жəне оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Əбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық хан болған кезде де (1480—1511) толастаған жоқ. Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511—1521 жж.) нығая түсті. Бұл тұста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатынасынада кең тартылды. Қасым хан Ұлы князь Василий III (1505—1533) кезіндегі Мəскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. Осы кезеңде қазақ халқы туралы мəлімет батыс Еуропаға да белгілі болды. Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке таласқан дау басталды. Соның нəтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар нəтижесінде ыдырап, бөлшектенді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538—1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едəуір жылжытты. Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жəдік сұлтанның баласы Жəнібек ханның немересі Шығай 1580—1582 жылдары хан болды. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тəуекел (1582—1598 жж.) отырды. Тəуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ жəне өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Тəуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. Есім хан (1598-1628 жж.) қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен əйгілі болды. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Есім ханның мұрагері Жəңгірдің өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті. Халық оны ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жəңгір» деп атаған. Жəңгір хан (1628-1652 жж.) билік құрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен жəне Жетісудағы жайылымдар үшін қалмақтармен қақтығыстар тыйылмады. Жəңгірдің баласы Тəуке хан (1680—1718) тұсында Қазақ ханғының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тəукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де əртүрлі. Жəңгір ханның ұлы жəне мұрагері Тəуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады.Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.

3. Сақ-сармат дәуірі: жазба деректер және археологиялық ерекшеліктер.

Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.

Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия жəне Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. Vғ.) жəне басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мəліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дəуірінің авторлары (гректер) — Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жəне т.б.; 2) Ахеменидтер əулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-сақтары деп аталды. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер жəне т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхаудсақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мəдени сақ қауымының өзіндік жарқын мəдениетінің ірі ошағы болды. Сақ мəдениеті — Орталық жəне Алдыңғы Азияның мəдениеті мен өнері жетістіктерінің бірі болды. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген тас жəне топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) — 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен — Төбе алқабында (Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған. Оларда адамдар əр түрлі уақыттарда жерленіп, жүздеген жылдарбойы қалыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын обалардың көп табылуы жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандары жоқ. Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланысты А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекендеген деп қорытынды жасайды. Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сəулет өнерінің бірегей ескерткіштері. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі киімдері алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы əшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде жасалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, əліпбилік жазба болуы ықтимал. Сақ мəдениеті — Орталықжəне Алдыңғы Азияның мəдениеті мен өнері жетістіктерінің бірі болды. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.