Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

32.1924 Ж Түркістан республикаларындағы ұлттық-мемлекеттік межеулер.

Заман талабы қазақ халқының ұлттық кеңес мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар қатарында төмендегілер болды: халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналасты. Бұл өзгерістер кезенде әр түрлі көзқарастар туындады: Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық;Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу; Сөйтіп, 1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылдады. Ал 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы болды. (1920-24 жж.) 1924 жылы астана Ақмешітке (Қызылорда) көшірілді. Сонымен қатар, жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межеулер және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шарларын жүргізді. Нәтижесінде:

  • Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.

  • Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

  • Сырдария мен Жетісу облыстары қазақ АКСР-і құрамына енгізілді.

33. Қазақстан аймағы монғол ұлыстары құрамында.

Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.