Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

71. 1995 Жылғы Конституция қр-ның негізгі заңы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған. ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ерекшеліктері:

-Президенттік басқаруды қалыптастыру ісі аяқталды.

-Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс.

Сенат құрамы:

-Әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ҚР астанасының әрқайсысынан сайланатын 2 адам.

-Президент тағайындаған 7 депутат.

Мәжіліс 67 депутаттан тұрады.

Дамыған елдердің, соның ішінде Францияның конституциялық тәжірибесі ескерілді. Конституцияның негізі-адам мен азаматтың құқықтары.

-Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді.Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды.Судъялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конситуция мен заңға бағынады.

-Билік тармақтарына, мемеілекеттіклауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бұзуға жол белмейді.

-Қазастан мемілекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтырдың мүддесін қорғайды.

-Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

  1. жылғы Конституцияның тарихи маңызы:

-Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдыстығы алдындағы бар болмысты, өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демакртиялық құндылықтары көрініс тапқан.

-Республиканың одан ары даму кезеңіне арналған тарихи құжат.