Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

76. Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары. Қазақ – жоңғар соғыстары.

XVIIIғ. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп –жоңғар хандығы тарапынан төніп тұрды. Жоңғарларды қазақтардың жайылым жерлері мен оңтүстіктегі сауда орталықтары қызықтырды. Қоңтайшы Сырдария бойы мен Жетісуды алуға ұмтылды. 1635 жыл – Батыр қоңтайшы Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. 1635, 1643, 1652 –Батыр қоңтайшы қазақ жеріне шабуылдады. XVIIғ. 80-жылдар - Қалдан қонтайшының шабуылдары. 1643-Орбұлақ шайқасы(50мың әскермен келген Батыр қоңтайшыға 600 сарбазымен келген Жәңгір хан қарсы тұрды). 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзені бойындағы шайқас ( 3 күндік қантөгісте қазақтар жеңіліп қалады. Оған себеп: Әбілқайыр мен Қайыпсұлтандар соғыс қимылдарын келісп жүргізбеді).1723 жыл – Цеван-Рабдан бастаған 70 мың әскері 7 шепке бөлініп, қазақ өлкесін ойрандады. 1723-1727 жылдар «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін» апаты. 1725 жыл –Түркістан мен Ташкентті жаулады. Қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Қабанбай, Бөгенбай, Есет,Саурық, Барақ, Малайсары, Бердіқожа, Жанатай, Райымбек, Наурызбай,Қарасай, Жауғашар, т.б.. 1726|1728 –“Бұланты шайқасы”. 1726 – Ордабасы жиыны. 1729|1730 – Аңырақай шайқасы. 1731 жылы 10 қазан – кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына өтуге ант барді. 1741-1742- Қалдан Серен Орта жүз бен кіші жүзге екінші «ақтабан шұбырынды» жорықтарын жасайды. 1741-174 Абылай сұлтан жоңғар тұтқынына түсті. 1755жылы 19 шілде - жоңғар мемлектінің иелігі Маньчжур – Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды. 1757-1760 жылдары – Қазақ хандығы Қытай билігін мойындады. 1758 – Жоңғария толық талқандалды.

77. Ноғай ордасының саяси тарихы.

Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14- 15 ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі,әскерінің қолбасшысы,Жошы ханның немересі,(1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамвндағы рулар Касспий маңына қоныс аударып,Ноғай елі атанды. Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге (1395-1419).Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411),ұлы әмір атанған».Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған,Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады.Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып,Ноғай ордасы Алтын Ордадан 15 ғ.ортасында бөлініп,дербес мемлекет болды.Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы- Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды.Халқы- маңғыт,қыпшақ,қоңырат,арғын,қарлұқ,алшын,тама және т.б сияқты түрік тайпалары.Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды,оған енген тайпалар 15ғ.аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қадыптасып,бір орталыққа бағынған өкімет болды.Орда билеушісі-хан.Ұлыс басында мырзалар тұрған,олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп,ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген.Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып,алым-салық төлеп отыруға,соғыс жорықтарына қатысға міндетті болған.Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік,әскери,елшілік билік, князьдің қолында болды.Ордада жорыққа Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі,Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты.Ноғайлар тарихы,әсересе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын,Ембі мен Сырдарияның арасында көшіп ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құрдаласып байланысып жатқан.Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды.Ноғайлардың солтүстік шығыстағы өріс қоныстары Сібірге дейін созылып жатады,ал оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойында Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.Олардың билеушілері Уақас би маңғыт,Мұса мырза,Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі.Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып одақ құрып отырған Ш.Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы атанған. 16ғ. Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық,саяси байланысы дамыды.16ғ.2 жартысында Ноғай Ордасы ыдырап еліге Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлнді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына соның ішінде Кіші жүз құрамына енді.Осылайша Ноғай Ордасы мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.