Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

46. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрлі (мұсылмандық) және орыс білім беру жүйесі. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.

XIX ғ. аяғы – XX ғ. ба­сын­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның ха­лыққа білім бе­ру ісі мен мек­теп жүйесіндегі өзіндік ерек­шеліктері Қазақстан­дағы ха­лыққа білім бе­ру ісі мен бүкіл ағар­ту жүйесіне көп дәре­жеде өз ықпа­лын жа­сады. Оқу ағар­ту ісі айқын тап­тық си­пат­та бол­ды, оның Қазақстан­дағы айыр­ма­шылығы ұлттық ерек­шелікке орай жүргізілді. Ұлттық мек­тептер ту­ралы 1870 жы­лы қабыл­данған «Ре­сейді ме­кен­дейтін бұра­тана­ларға білім бе­ру жөніндегі ша­ралар ту­ралы» заң ұлттық мек­тептер­дегі және ұлттық шет ай­мақтар­дағы бүкіл ағар­ту жүйесін: 1) әлі аз орыс­танған­дар үшін, 2) орыс­та­ры көп жер­де тұра­тын­дар үшін, 3) жеткілікті дәре­жеде орыс­танған­дар үшін деп, 3 са­натқа бөлді. Заңды жүзе­ге асы­ру нәти­жесінде Қазақстан­да әр түрлі об­лыстар­да әр алу­ан үлгідегі мек­тептер құры­ла бас­та­ды. Мәсе­лен, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рын­да – мек­теп-ин­тернат­тар мен ауыл ша­ру­ашы­лық бас­та­уыш учи­лище­лері, Торғай мен Орал­да – ауыл­дық мек­тептер, бо­лыс­тық (бір сы­нып­ты), екі сы­нып­ты учи­лище­лер, Жетісу мен Сыр­да­ри­яда — «орыс бұра­тана­лық» мек­тептер, Ішкі Ор­да­да (Бөкей Ор­да­сын­да) стар­шындық және учас­келік учи­лище­лер құрыл­ды. Олар­дың бәрі Ха­лық ағар­ту ми­нистрлігіне бағын­ды. Ха­лыққа білім бе­ру са­ласын­дағы им­пе­ри­ялық са­ясат шеңберінде 1906 жы­лы та­мыз­да бо­лып өткен III жал­пымұсыл­мандық съезі ха­лыққа білім бе­ру ісі бойын­ша тұтас бағдар­ла­ма жа­сады. Съезд шешімдерінде бы­лай деп белгіленді: бар­лық қоныс­тарда ба­лалар мен қыз­дарға міндетті бас­та­уыш білім бе­ретін мек­тептер ашыл­сын; оқыту бір бағдар­ла­ма бойын­ша және араб әліпбиі негізінде ана тілінде жүргізілуі тиіс бол­ды; мек­тептерді ұстау земс­тво­ның, қала мол­да­сының қара­уын­да, ал басқару мен бақылау мұсыл­мандар­дың өз қолын­да бо­луға тиіс; мұғалімдер мен оқушы­лар құқықта­ры жөнінен орыс мек­тептерінің мұғалімдерімен және оқушы­лары­мен теңестірілу­ге тиіс бол­ды. 1907 жы­лы Ре­сей им­пе­ри­ясын­да жал­пы білім бе­руді енгізу ту­ралы жо­ба жа­ри­ялан­ды, он­да бас­та­уыш мек­тептер желісін құру көзделді. Жо­ба бойын­ша білім бе­ру ісі 7–11 жас­тағы ба­лалар­ды қам­туға тиіс бол­ды, бас­та­уыш білім бе­руді 10 жыл ішінде енгізу жо­рамал­данды. Нақ осы жыл­дарда бас­та­уыш білім бе­ру мұқтаж­да­рына қара­жат бо­сату ту­ралы заң (1908) және 1909 жы­лы Ха­лық ағар­ту ми­нистрлігі жа­нына «мек­теп-құры­лыс қорын» құру ту­ралы заң қабыл­данды. Бұл заң актілері мек­тепте білім бе­ру жүйесін кеңей­тті, ха­лыққа білім бе­ру ісінің, со­ның ішінде Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да орыс-қазақ мек­тептерінің (ол кез­дегі құжат­тарда – орыс-қырғыз және орыс-ту­земдік) кең желісін құруға кейбір дәре­жеде жағдай­лар жа­сады. Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. 1860 жы­лы об­лыстық басқар­ма оған Орын­бор бекінісінде (Торғай) қазақ ба­лала­рына ар­налған бас­та­уыш мек­теп ашу­ды тап­сырды да, өзін сол мек­тепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайын­да­ды. 1864 жы­лы 8 қаңтар­да мек­теп сал­та­нат­ты түрде ашыл­ды. 1868 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай уездік басқар­ма­сына іс жүргізуші ретінде қыз­метке ор­на­ласып, со­дан соң уезд бас­тығының аға көмекшісі және уақыт­ша уездік судья міндет­терін қатар атқар­ды. Ал­тынса­рин пат­ша өкіметінің са­яса­тына қар­сы бол­ды. 1879 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры бо­лып тағайын­далды. Қазақстан­да қыз ба­лаларға білім бе­рудің бас­та­луы да Ы. Ал­тынса­риннің есімімен бай­ла­ныс­ты. 1888 жы­лы ол Ырғыз қала­сын­да қазақ қыз­да­рын оқыта­тын, ин­терна­ты бар мек­теп ашып, пат­ша әкімшілігінен ин­тернат­та­ры бар қыз­дар учи­лище­лерін ашуға рұқсат ал­ды. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды.