Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

7. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.

Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуында Жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігініңи тайпалары басты роль атқарады. Қарахан мемлекетінің негізін салушылардың бірі Сатұқ Боғра хан Білге Күл Қадыр ханның немересі. Ол ислам дінін қабылдаған саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп, Тараз бен Қашғарды бағындарды. 942 ж. Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар жерлері Қарахан мемлекетінің қоластына көшті. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы осы уақыттан басталады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның інісі мұсаға көшті, ол 960ж. Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. 942 ж. дүниеге келген Қарахан қағанаты Шығыс Түрркістан, Жетісу, Талас, Сырдария, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның орталығы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы, Әли Арслан хан( Мұса ханның баласы) мен Хасан Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы) арасындағы өзара күреске толы. Xiғ. 30ж. мемлекет екіге бөлінді: Жетісу ж/е Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы Баласағұн болды. Мауараннахр жері Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Бұхар қаласы, кейіннен Самарқанд болды.1089ж. селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындарды, нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікте болды. 1102ж. Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейіл Мәуереннахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жері өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуереннахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128ж. қарақытайлар Шығыс хандықты жаулап алып, Жетісуда үстемдік етті. Осыдан бір мезгілде хорезмдіктердің батыс хандықтарға шабуылы басталды. XIIғ. 30ж. Қарақытайлар Шығыс қағанаттың қалған иелігін жаулап алып, Батыс хандығына шабуылдады. 1141ж. Қарақытайлар қараххандықтарды толықтай бағындырды. Қарахандықтардың мемлекеттік құрылымы билеушісі –хан, мемлекетті ягма ж/е шігіл тйпалары басқарды. Ұсақ аймақтардың басшылары –иналық тегін, уәзір –жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі, бектер –сот үкімдерінің ж/е әдеттегі құқық нормадларының орындалуын қадағалады, ялавашылар –елшілер, мехтарлар –Жетісу мен Мәуереннахрдағы қоныстар мен қалалардың басшылары, мұстафаулар -қаржы-салық мекемелерінің басшылары. Салық түрі –икта, ал оны жинаушыға иктадар деген атақ берілді. Қарахандықтар кезеңі –саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең. IXғ. мен XIIIғ. бас кезіндегі ескерткіштерге археологиялық қазбалар жүргізген кездері сол аймақта мұсылмандардың қалалық мәдениетінің құрылып, қалыптаса бастағанын байқаймыз. Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері мешіттерге айналды . исламды ұстанатын халық саны көбейген сайын қалаларда мешіттер көптеп салынды. Исламды тарату заманы кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында п/б құрылыстар қатарына моншалар да жатады. IX-Xғғ. Екінші жартысында өлікті жер қазып қабырға қою ғұрпы өзгертіліп, мәйіттің басы құбылаға қаратылатын болды. Қабырға әр түрлі заттар қойылмайтын болды. Мұсылмандардың ең ертедегі қорымы Отырар көгалды аймағында IX-Xғғ. п/б, ал Боран қала жұртының қорымы Xғ. жатады. XI-XIIғғ. басында қорымдарда зират басына үлкен мазарлар, сағаналар салына бастады. Мәселен, Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы. Тараз қаласына жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпіштен қаланып, қабырғаларға ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Бұл кездегі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі –Қарахан күмбезі. өкінішке орай қираған күмбез XXғ. Қайта тұрғызылып, соның салдарынан бастапқы жоспары бұзылып, ою-өрнектері өшіп қалған. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы енді. Түркі тіліндегі мұсылман әдебиеті шыға бастады. Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білік» шығармасы, М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» шығармалары мысал бола алады. Араб әрпінің көркемдік мүмкіндігін пайдалануға арналған керамика табылды. Сондай жазулардың бірсыпырасының көркемдік сипаты ғана болса, кейбіреулерінде әралуан игі тілеулер, өсиеттер айтылады.