Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

54. Қазақ ауылын күштеп отырықшыландырудың және ұжымдастырудың қайғылы нәтижелері. ХХғ. 30ғ. Ашаршылық (аштық).

Қазақстандағы ашаршылықтың орын алуына себеп болған жәйттердің бірі күштеп ұжымдастыру саясаты еді.  1929 жылы Кеңес үкіметінің қабылдаған бұл шешімі бойынша мемлекет халықтың барын тартып алды. Ұжымдастырудың нәтижесінде мемлекет халықтың меншігіндегі мал мен жерлерін мемлекет меншігіне өткізді. Мал мүлкін бергісі келмегендер Кеңес үкіметіне қарсы шыққандар саналды. Колхоздарға халықты әсіресе қыс айларында халықты көшіруі, халықтың жаңа жерлерді жеткілікті түрде білмеуі, халықтың жағдайын қиындата түсті. Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Ұжымдастырудың нәтижесінде халық малынан айырылды. Аштық, індет, көтеріліс секілді түрлі себептермен мыңдаған халық қырылып кетті. Тек  1929-1939 жылдар аралығында  2 миллионнан астам халық ашттан өліп кетті. 1920-1938 жылдар аралығында үш миллионнан астам халық қырылыды. Ашаршылықтың ең қатты белең алған жері Оңтүстік Қазақстан яғни Түркістан өлкесіндегі аймақтар болатын. Бұл жерлерге астық теміржолмен Ақтөбе және Ресейден келетін. 1917 жылдың жазында астықтың зәрулігі анық байқалды. Теміржол байланысындағы олқылықтар және 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің әсерінен ашаршылық басталды . Түркістандағы ашаршылықтың орын алуының бір себебі де Патшалық Ресейдің ауылшаруашылық саясаты еді. Суғармалы жерлердің үлкен бөлігіне мақта егілетін. Ресей тоқыма өндірісіне шикізатты сырттан емес, Түркістаннан алатын. Халық мақтаның есесіне Ресейден астық келетін. І Дүние Жүзілік Соғыс және көтерілістен кейінгі дағдарысқа байланысты мақта халықтың қолында қалды. Оның орнына Ресейден келуі тиіс астық келмегеннен кейін халық ашаршылыққа ұрынды

55. Батыс Түрік қағанатындағы этно-мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар.

Батыс түрік қағанаты - "Көшпенділер империясы". Алғашқы кезде қағанатты Тардуш қаған басқарған. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мерзімі болды. Шегу қаған Қағанаттың шығысындағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. 630 жылдардан басталып билік үшін талас-тартыс басталды. 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алады. Ол «он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Іле, Шу өзендерінің аймағындағы он тайпа нушебилер мен дулулар деп аталды. Олар арасында 640 – 657 жылдардағы ұзақ уақытқа созылған тартыс хандықты әлсіретеді. Мұны көріп, біліп отырған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қолға түсіп қаза болып, хандық тәуелсіздігінен айырылады. VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында тургеш тайпасының қағаны Ушліктің Тан империясына қарсы соғыстары нәтижелі бола бастайды. 704 жылы Үшлік қытайлармен куресте жеңіске жетеді. Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды "қара будун"(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды. Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалицияға бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады. 679 ж. Қытай саясатына қарсы Монғолия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.