Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

5. Ш.Уәлиханов және оның ғылыми жұмыстары.

Ш.Уәлиханов (1835-1865) жаңа ұрпақтың аса көрнекті зерттеушісіне айналды. Шоқан 12 жасына дейін жеке кісінің мектебінде оқыды.Сол кездің өзінде-ақ оның қабілеттілігі айқын көрінді. Көрші халықтар тарихымен айналысу оған қазақ халқының ежелгі ж/е ортағасырлық тарихын зерттеуге көмектесті. Алғашқы экспедициялар кезінде жинастырған материалдарын терең талдап ж/е салыстыра отырып, ол «орта ғасырларда мұндағы отырықшылық Іле алқабында күшті тараған» деген қорытынды жасады. Ыстықкөлге экспедициясы кезінде Уәлиханов ғылыми деректермен бірге, жаңа дәуірдің үлкен коллекциясын жинады. Осы сапарының нәтижесінде: «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс шет аймағы ж/е Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген толық қанды тарихи-этнографиялық шығармалары жарық көрді. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аударды, сөйтіп 1857 ж. ақпанында оны қоғамның толық мүшесі етіп сайлады. Тарихқа деген қоғамдық ынта-ықыластың дамуында ж/е интеллигенцияның тарихи көзқарастарының қалыптасуында үлкен рөл атқарған «Современник», «Русское слово», «Эпоха», «Отечественные записки», «Время» ж/е басқа әдеби көркем, қоғамдық-саяси журналдарды Уәлихановтың үзбей оқып отыруы оның демократиялық көзқарастарының орнығуына жағдай туғызды. Ш.Уәлиханов ғылми мұрасы Қазақстан мен өзге халықтардың кең ауқымды проблемаларын қамтиды, әне-солардың қай-қайсысын да шешуде оның құдыретті ғылми таланты айқын көрінді. Шоқанның ғылымға бейімделуі және шығармашылық еңбек жолы:1855ж.-генерал Гасфорт сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталығ Қазақстан, Іле Алатауында болып, аңыз өлеңдерді жинады.1856жыл-Ыстықкөлді топографиялық суретке түсіріп, Семенов-Тянь-Шанскиймен Құлжаға барды.1857жыл-Алатау қырғыздарына барып, қырғыз эпосы “Манасты” жазып алды.22 жасында Орыс географиялық қоғамына толық мүше болып қабылданды.1858-1859 жылдар – өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барды;(Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған).Ол керемет тарихи, этнографиялық материялдарды, сирек кездесетін қолжазбалар мен грамоталарды, өнерге қатысты мұраларды жинады.Мұхамед Дулати мырзаның “Тарих-и-Рашиди” шығармасын, “Шығыс Түркістандағы қожа әулетінің тарихы”, қарахандықтар әулетінің негізін қалаушы “Сатық Боғра ханның өмір деректері” және т.б. аса құнды түпнұсқаларды тапты. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің маңызды нәтижелерінің бірі ретінде “Алтышардың немесе қытай провинциясы Нанлуидің(Кіші Бұхария) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы” ірі еңбегін айтуға болады. Бұл Ш.Уәлихановтың сол заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналған тұңғыш еңбегі. Осы еңбектің көлемді, терең де жан-жақты зерттеулеріне қарап, оны отандық ғылымға қосылған зор үлес деуге болады. 1859-1861жылдар-Петербургте болып,орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен араласты. Орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен алғаш 1854жылдан Омбыда танысып,Семейде, Петербургте қайта кездеседі.1861жылдан кейінгі кезеңдері бұрынғы бағытынан өзгере бастаған Достоевскийдің көзқарасына көңілі толмаған Шоқан сын көзбен қарайды. 1860жыл – Петербургте ержүрек жиһанкез және Орта Азия халықтары өмірін зерттеуші ретінде құрметтеліп, орденмен марапатталады.1861жыл-ауруға шалдығып, ауылына қайтады. Омбыда қазақтың сот реформасындағы мәселелермен айналысып, “Даладағы мұсылмандық туралы”, “Көшпелі қырғыздар туралы”, “Сот реформасы туралы” еңбектерін жазды.1862жыл-Атбасар округының аға сұлтаны болуға кандидатурасын ұсынып, сайлауға қатысады. Бірақ қабыланбайды.1864жыл-Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуға қатысады. Генералдың әділетсіз істеріне наразы болып, 1864жылдың маусымында Верныйға қайтады. 1865жыл-“Қытайдағы дүнгендер көтерілісі”деген ақырғы еңбегі жарияланды. 1865 жылы сәуіре Алтынемел жотасы етегіндегі Көшен тоғаны ден жерде сұлтан Тезектің ауылында қайтыс болды.