Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек сызығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушылардың білімдерін пысықтай отырып, көкжиек, көжиек сызығы туралы білімдерін кеңейту. Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын анықтауға жаттықтыру. Оларды қағазға жазуға, сызуға үйрету.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. Оқушылардың білімдерін пысықтай отырып, көкжиек, көжиек сызығы туралы білімдерін кеңейту.

  2. Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын анықтауға жаттықтыру.

  3. Оларды қағазға жазуға, сызуға үйрету.

С Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге

дейінгі кеңістік «көкжиек» деп аталады.

Б Ш Ал сол аспан мен жердің астасқан жерінен

ойша сызық жүргізсек, оны «көкжиек сызығы»

дейміз. Көкжиек сызығына жету мүмкін емес.

О Көкжиек тұстары - төртеу.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

  • Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Жеке өскен ағаштың солтүстігіне қараған

жағының бұтақтары қысқа әрі сирек болады.

Оңтүстігінің бұтағы ұзын, жайқалып тұрады.

Егер құмырсқаның илеуін көрсең, байқап қара, әр уақытта оның солтүстігі биік, тік болады да, оңтүстігі аласа келеді.

Көкжиек тұстары жұлдыз жергілікті белгілер

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Дәптерге негізгі көкжиек тұстарын сыз.

  2. Арқалық тұстарды ата.

  3. Көкжиек сызығын тақтаға сыз.

  4. Көкжиек тұстарын не үшін білу керек.

  5. Көкжиек тұстарын анықтауды үйрен.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]