Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: «Ақ алтынды» аймақта.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды мақта шаруашылығымен таныстыру.

Диқан еңбегі мен сол еңбектің жемісінің маңыздылығын

аңғарту. Еңбек қуанышын сезіндіру.

Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Кең байтақ Отанымыздың жер асты мен жер бетіндегі байлықтарымен таныстыра отырып мақтаныш сезімдерін ояту және Отанымыздың әр қадам жерін мақтан тұтуға, аялауға. сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы

түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. . Қазақстан картасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Кең байтақ жері Кенге толы қойнауы

Қазақстан байлығы.

Мұнайы мен газы Алтын астығы

Көмірлі алқаптары Мол балығы

Мол байлықтың бірі – ақ алтыны – мақта.

Еліміздің оңтүстік өңірі бау-бақшалы, мақталы өңір.

Мақтаны өсіру ерен еңбекті қажет етеді.

Мақта піскенде оның ортасында тұқымы болады. Оны «шит» деп атайды.

Тұқымнан тазартылған мақтаны «шитті мақта» дейді.

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Мақта еліміздің қай жерінде егіледі?

  2. Мақтадан қандай заттар өндіріледі?

  3. Мақта, матаның шаруашылық маңызына тоқтал.

  4. «Шитті мақта» деген не?

  5. Өзіңде мақтадан тоқылған киімдеріңді ата.

  6. Мақтаны неге «ақ алтын» деп атайды?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]