Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ең басты жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушының ең басты еңбегі – оқу екенін ұғындыру. Адам өміріндегі еңбектің алатын орны, мәні мен мағынасы түсіндіру. Оқушыларды уақытты ұтымды пайдаланудың маңызды екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы

түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. .

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Пікірлесу: Оқу арқылы біз неге жете аламыз?

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Бала неліктен мектепке бармаймын деп шешті?

  2. Ол немен айналысатын болды?

  3. Дәрігердің жұмысы неге ұнамады?

  4. Инженердің жұмысы ше?

  5. Баланың оқуға деген ынтасы қалай пайда болды?

  6. Ол өз пікірін неге өзгертті?

Әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігі болады. Сол мамандықтың қыр-сырын оқып үйренген адам ғана сол салада еңбек ете алады. Мамандықты меңгеру үшін жай ғана әріп тану аз. Баланың ер жеткенше басты жұмысы тек қана оқу.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Біздің көшедегі машиналар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушылардың көлік туралы алған білімдерін кеңейту. Көліктің халық шаруашылығындағы, адам тұрмысындағы алатын орны. Қала мен ауыл арасындағы байланыс туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, еңбектене білуге баулу. Еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу. Халқытың салт–дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты «Көлік түрлері» тақырыбындағы суреттер. Қимақағаздар.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:

Базалық білім:

Көлік түрлері. Олардың пайдасы, тиімділігі.

«Көлік» ұғымы.

Басқа мемлекеттермен байланыстағы көліктің маңызы.

Әр отбасының жеке көлігі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Әңгіме жүргізу. Ой білдіру:

  • Үйіңде қандай көлік бар? Ол не үшін керек?

  • Өз жерімізде қандай көлік түрлері бар?

  • Жергілікті көліктердің атқаратын қызметі қандай?

  • Қалалар арасына немен қатынайсыңдар?

  • Көліктің қай түрі жылдам жүреді?

Көлік түрлері

Әуе қатынасы Су қатынасы Құрлық қатынасы

Оқулықпен жұмыс

– Мәтінді мәнерлеп тұтас оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді бөлімдерге бөліп оқушыларға тізбектей оқыту.

– Тапсырма бойынша керекті жерлерін тауып оқу.

Бөлімдерге бөлу:

Сергіту сәті.

Сурет бойынша жұмыс

Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.

  1. Көшеде қандай арнайы машиналарды көріп жүрсің?

  2. Неге «Жедел жәрдем» және «Өрт сөндіргіш» машиналарға жол беру керек?

  3. Сызбаны толтыр.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]