Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Сақтандырғыш рең.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Жәндіктердің өз тіршілігін сақтаудағы бүркеніш, қорғаныш, сақтандырғыш реңнің маңызы, салыстырмалы сипаты туралы алғашқы түсінік беру. Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Бунақденелілердің жауынан қорғану әрекеттері.

-----------------------------------------------------------------------

Бүркеніш рең Қорғаныш рең Сақтандырғыш рең

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақ.

- Жануар - өсімдік, жануар – жануар қарым-қатынасы туралы ұғым.

- Жәндіктердің өз тіршілігін сақтаудағы әр түрлі бейімділіктің рөлі туралы түсінік.

- Бунақденелілердің табиғаттағы маңызы.

- Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар.

- Көбелек, қоңыз, шегіртке туралы.

- Суретпен жұмыс.

  1. Бейімділік – жануар тіршілігін белгілі бір жағдайда сақтайды.

  2. Бейімділік – жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет.

  3. Бейімділік жануардың сыртқы түрінде, түсінде, жекелеген мүшелерінде көрінеді.

Жануар қорегі.

Жануар өсімдік Жауынан қорғану

Жануар жануар а) Бүркеніш , Қорғаныш, Сақтандырғыш

ә) Жүйрік болу, аңду.

жау жемтік

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Шөп арасындағы шегірткені бақыла.

  2. Көбелектерді бақыла. Гүлмен салыстыр.

  3. Бунақденелілер тіршілігіне қажет бейімділікті ата.

  4. Егер көк шегіртке тіршілік ететін жердегі шөптер қурап кетсе, шегірткенің де түсі өзгере ме? Неліктен? Түсіндір.

  5. «Бүркеніш рең», «Қорғаныш рең», « Сақтандырғыш рең» сөздерінің мағынасын түсіндір.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]