Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Сусыз тіршілік жоқ. Оқушыларға су, судың маңызы туралы білім беру.Суды сезінуге болатынын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршап тұрғанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу, дәлелдеу.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу..

Сығылады, серпіледі жылуды сақтайды

Ауа

Отты жанғызады

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Су – сұйық, мөлдір, түссіз. Су сұйық болғандықтан түрлі пішінге ие болады. су бойында да ауа бар.

Жаңа сабақ.

  • Су қандай зат?

  • Судың түсі қандай?

  • Судың пішіні бар ма? Оны шыныға құйсаң қандай болады? Құмыраға құйсаң ше?

  • Су қандай жерлерде болады?

Табиғатта су өте көп.. Ол біздің тіршілігімізге өте қажет.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Судың қасиетін анықтайтын тәжірибелер жасау.

1-т. Су түссіз, мөлдір, иіссіз.

2-т. Су сұйық. Ол кез келген пішінге ие болады.

3-т. Су ағады, жұғады.

4-т. Су буланады, қатады.

(Судың бір күйден екінші күйге ауысуы туралы да айтып өту).

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Судың жай–күйі

СУ БУ МҰЗ

Осы байланысты әңгімеле.

Жұмбақтарды оқы.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]