Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Сенің өмірің туралы заң.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға еліміздің Ұлы заңы – Конституция туралы мәлімет беру. Заңның шын мәнісінде адамның денсаулығын, тыныштығы мен қуанышын, жеке басының мүддесі үшін қызмет ететінін ұғындыру. Әрбір адамның жеке бас азаттығын сыйлауды үйрету.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Суреттер.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Мемлекеттің берік, мығым болуы оның қалыптасқан Ата Заңына да байланысты. Әр сәби шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап оны мемлекетіміздің Ата заңы өз қамқорлығына алады.

Әр оқушы бала мектеп табалдырығын аттп басқан күннен бастап ол білім алу құқығын пайдаланады. Ол құқық Конституцияда көрсетілген. Сонымен қатар Ата заң да бірқатар міндеттерді жүктейді. Әр оқушының бұдан кейінгі тағдырын шешетін, аса жауапты азаматтық борышы – жақсы оқу, терең орта білім алу. Ол көп білетін, еңбек ете алатын адам болып шығуы керек.

Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Конституция» деген не?

  2. Конституциямыз әр адамның қандай құқықтарын қамтамассыз етеді?

  3. Негізгі заң әр адамға қандай міндеттер жүктейді?

  4. Нағыз азамат болу үшін әр оқушы не істеу керек?

  5. Еліміздегі Конституция күні қашан?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]