Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Мен және басқалар Әдептілік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауда кішіпейілділікке, ізеттілікке, сыйластыққа, сыпайылыққа үйрету, баулу.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Адам өміріне қажет жағдайлар» картасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Сыйға-сый. Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Әдептілік туралы түсінік қалыптастыру; әдептілік – адамның жақсы өмір сүруіне қажет, адам мен адамның қарым-қатынасының ережесі екенін түсіндіру. оны күнделікті өмірде орындауға дағдыландыру.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға берілетін базалық білім:

  1. Әдептілік туралы ұғым.

  2. «Әдептілік ережесін» күнделікті өмірде пайдаланып, орындау.

  3. Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас. Ата-ананы қуантқан кездерін еске түсіру, әңгімелеу.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

Жақсы әдет

Жаман әдет

- Жаман әрекет көрсеткендер болса, «білмей қалған ғой» деген сөздермен жұмсартып, өзін-өзі тәрбиелесе әдепті болу «қолынан келеді» деп сендіру.

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

  • Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Адамдардың бір−бірін сыйлауы, құрметтеуі жақсы қарым−қатынасқа жатады. Ал мұндай қарым−қатынасты туғызатын жағдайлар көп.

Сыйластық ережесі

  1. Үлкенге жол беру.

  2. Автобуста орын ұсыну.

  3. Сіз деп сөйлесу.

  4. Уәде етсең орындау.

  5. Үлкенді сыйлау.

  6. Басқаның пікірін тыңдап үйрену.

  7. Ренішті сөз айтсаң кешірім сұрау.

  8. Алдымен сәлем беру.

  9. Есінегенде, жөтелгенде аузыңды шытпен жауып үйрену.

  10. −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−

  11. −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Сен өзіңнің ең жақын досыңды не үшін жақсы көретініңді әңгімеле.

  2. Кімді және неліктен сыйлайтыныңды айт.

  3. Әдептіліктің адамның жақсы өмір сүруіне көмектесетіні туралы айт.

Дәптермен жұмыс.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Әдептілік - адамның жақсы өмір сүруіне қажетті қасиет.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]