Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Сурет және сұлба.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Суреттер және сұлбаны салыстыра отырып, «сұлба» деген ұғымды түсіндіру. Кіші және үлкен заттардың сұлбасын сызуды үйрету. Масштаб туралы ұғым беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

  1. Суреттер және сұлбаны салыстыра отырып, «сұлба» деген ұғымды түсіндіру.

Сурет деп кез–келген заттың бейнеленген көрінісін айтамыз

Сұлба деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз

  1. Кіші және үлкен заттардың сұлбасын сызуды үйрету.

  2. Масштаб туралы ұғым беру.

Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейді. 1 см:10 см

  1. Сарамандық жұмыс жүргізу. Кіші заттарды ң сұлбасын тақтаға сызу.

  2. Дәптермен жұмыс.

Жазу үстелі мен дөңгелек үстелдің сұлбасы.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

  • Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.Сұлба деген - заттың төбесінен қарағанда көрінетін орнын тікелей қағазға түсіретін сызба.

.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Оқулықта берілген суреттер мен сұлбаларды салыстыр.

  2. Кіші заттың сұлбасын тақтаға сызып көрсет.

  3. Үлкен заттың сұлбасын қалай сызамыз?

  4. Тақтаға партаның сұлбасын сал.

  5. Масштаб деген не?

  6. Өзіңнің төсегіңнің сұлбасын салып кел.

  7. Өз бөлмеңнің енін, ұзындығын өлше. Оның масштабын анықта.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

.Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]