Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік – тірі ағза.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Өсімдіктің тірі табиғат екенін дәлелдеу. Оның тұқымнан өсетіні, жер бетіне өніп шығуы туралы білім беру. Өсімдіктің мүшелері, өсімдіктің өну ерекшелігі – ең алғаш өсімдіктің тамыры шығатыны, содан әрі өскін, өркен тарайтыны жайында түсінік беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. «Өсімдіктер» топтамасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Өсімдік – тірі ағза.

Өсімдік қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, өледі.

Өсімдік мүшелері, олардың орналасуы.

Өсімдік түрінің көптігі.

Өсімдіктің өсуіне керекті жағдайлар.

Жаңа сабақ.

Өсімдік

Өсімдік туралы не білеміз?

- Өсімдік қандай топқа бөлінеді?

- Ағаштарды ата:

- Бұталарды ата:

- Шөптерді ата: Ағаш Бұта Шөп

- Өсімдік неге тірі табиғатқа жатады?

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Барлық өсімдіктер қоректенеді, тыныс алады, жарықты, жылуды, суды қорек етеді. Олар тірі ағзалар.

жарық

Өсімдік тіршілігі үшін қажетті жағдайлар:

жылу

су

ауа

қорек

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Өсімдіктердің тірі ағза екенін дәлелде.

  2. Ағаш пен бұтаны салыстыр.

  3. Бұта мен шөптерді салыстыр.

  4. Өсімдіктің тұқымнан өсіп шығатынын баянда.

  5. Өсімдік топтарының бәріне ортақ қасиет не?

  6. Өсімдік өсу үшін не қажет?

  7. Мектеп маңындағы өсіп тұрған өсімдіктерге назар сал.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]