Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа, жылу, жарық керек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Өсімдікке қажет жағдайлардың ішінде ауа мен жылудың алатын орны ерекше. Өсімдікке қажет жағдайдың бірі болмаса өсімдік өсе алмайтынын түсіндіру. Ауа мен жылудың маңыздылығын ұғындыру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. «Өсімдіктер» топтамасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

су ауа

Өсімдік тіршілігіне

қажет жағдайлар

жарық жылу

топырақ

Өсімдік те ауамен тыныс алады.Ал жылу блмаса өсімдік өсіп жетіле алмайды. Алғашқыда-ақ тұқым өнуі үшін жылудың маңызы зор.

Табиғатта өсетін өсімдіктердің көктемде қаулап өсетіні неліктен? Ол күннің жерді жылытуынан. Жылу күшейіп, топырақ жылынған кезде ғана тұқым өнеді. Жаз айлары өсімдіктің жақсы өсетін кездері. Ал күзде жылудың азаюынан жапырақтар түсіп, өсімдіктер қурай бастайды.

Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Оқулықта берілген суретпен жұмыс. Өсімдіктердің әр мезгіліндегі тіршілік жағдайын суретке қарап анықта.

Көктем

Күн сәулесі жер бетін жылытады. Бұл мезгілде өсімдік тіршілігі басталады.

Жаз

Күз

Қыс

Суреттерден қандай өсімдік құнарлы, сулы жерде өскенін байқап ажыратып көр.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Тұқымның өнуі үшін қандай жағдайлар қажет?

  2. Топырақты неге қопсытады?

  3. Өсімдіктің жақсы өсуіне керек жағдайлар?

  4. Өсімдіктің тыныс алуына қатысатын мүшелерін ата.

  5. Сурет бойынша құнарлы және құнарсыз жерде өскен өсімдіктер туралы әңгімеле.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]