Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға ауа, ауаның қасиеті туралы білім беру.Ауаны сезінуге болатынын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршап тұрғанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу.оның орын алатынын серпімді және сығымды екенін дәлелдеу.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Ауа – тіршілік көзі

Ауа қайда? Оны қалай сезесіңдер?Ауаның қандай пайдасы бар?

Жаңа сабақ.

Тәжірибе:

1-т. Біз ойнау үшін ішіне доптың ішіне ауа толтырамыз. осы допты жерге ұрсақ доп секіреді. Оны секіртіп тұрған ауа. Олай болса, ауа серпімді.

Осы допты екі жағынан қысатын болсақ, ол сығылады, кішірейеді. Ал жіберсең, қайта орнына келеді . Яғни, серпіледі.

2-т. Ауа жылуды нашар өткізеді. Сондықтан біз терезелерге екі қабаттап қоямыз. Ол іштегі жылуды сыртқа шығармай ұстап тұрады. Жылы қолғап кмеміз.

3-т. От жану үшін де ауа қажет. Балауыз шырағдандарын жағып көрсету.

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Мәтінді оқу.

  2. Ауаның серпімділігі мен сығымдылығын дәлелде.

  3. От жану үшін ауа керек. Дәлелде.

  4. Пеш қандай күндері жақсы жанады деп ойлайсың?

  5. «Отпен ойнауға болмайды» дегенді естен шығарма . Өз бетіңмен тәжірибе жасама.

Сергіту сәті.

Ауаның қасиеттерін дәлелде.

Құс ауамен ғана ұша алады. Неліктен?

Су астында неше түрлі жұмыстар атқарылады. Олар дем алу үшін нені қолданады?

Түрлі көліктердің дөңгелектеріне ауа толтырады. Әйтпегенде олар жүре алмайтын еді.

Су бетінде батпай жүру үшін де түрлі балондарға ауа толтырылады.

Ауаны таза сақтау керек. Ол үшін зауыттардың мұржаларына сүзгіш қояды.

Оқулықпен жұмыс «Ауаның маңызы»

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Ауаның табиғаттағы пайдасын айт.

  2. Ауаның адам өмірі үшін маңызы?

  3. Ауаның өсімдік үшін маңызы.

  4. Жануарлар тіршілігіндегі ауаның маңызы.

  5. Ауаның шаруашылық үшін маңызы.

  6. Ауаны таза сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Сығылады, серпіледі жылуды сақтайды

Ауа

Отты жанғызады

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]