Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік . Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Оқушыларды жабайы және үй жануарлары тобымен толық таныстыру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Сұрақтар:

  1. Жолбарыс қайда тіршілік етеді? Оның түсі қандай?

  2. Тарғыл рең қай аңның бейімділігі?

  3. Жолбарыс, арыстандар неге «жуынады»?

  4. Иіс сезу жануар үшін қажет пе?

  5. Иісті 5-10 метр жерден сезетін аңдар?

  6. Иісті ең жақсы сезетін жануар түрі не?

  7. Мысықтың иіс сезгіш талшықтары қалай аталады?

  8. Көбелектердің иіс сезгіш талшықтары қайда орналасқан?

Жаңа сабақ.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қандай жабайы жануарларды білесің?

  2. Олардың тіршілігі жайлы әңгімеле

  3. Адам үшін үй жануарларының маңызы

  4. Қандай үй жануарын өз күтіміңе алып көрдің?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй құстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Құстар тіршілігіндегі бейімділікпен таныстыру. Бейімділік – жануар тіршілігін сақтауға көмектесетін қажет екені туралы оқушы түсінігін тереңдету. Аңдардың өз тіршілігін сақтаудағы бүркеніш реңнің маңызы туралы түсінік беру. Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Бейімділік – жануар тіршілігін белгілі бір жағдайда сақтайды.

Бейімділік – жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет.

Бейімділік жануардың сыртқы түрінде, түсінде, жекелеген мүшелерінде көрінеді.

Құстар тұмсықтарының ерекшеліктері:

  • Тоқылдақтың тұмсығы.

  • Бірқазан тұмсығының ерекшелігі.

Әрбір жануардың өз тіршілігіне қажетті жағдайларды дұрыс пайдаланатындай, қауіп-қатерден сақтанып, қорғанатындай бейімділігі болады.

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Бейімділік» дегенді қалай түсінесің?

  2. Жануарлар айналасын қалай бағдарлап біледі?

  3. Жануар тіршілігі үшін бейімділіктері қажет пе?

  4. Сыырттағы құстарды бақыла. Олардың немен және қалай қоректенетіндігіне мән бер. Әңгімелеп жаз.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Бейімділік – жануар тіршілігін белгілі бір жағдайда сақтайды.

Бейімділік – жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет.

Бейімділік жануардың сыртқы түрінде, түсінде, жекелеген мүшелерінде көрінеді.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]