Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар жемін қалай аулайды?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Жануарлар әлемінің қорекпен байланысты тіршілік әрекеттерімен таныстыру. .Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Жануардың тіршілік иесі екенін және оларға қажетті жағдайлардың жануар тіршілігі үшін маңыздылығын ұғындыру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Жануарлар топтары.

бунақденелілер балықтар

жануар

топтары

құстар бауырмен жорғалаушылар

қос мекенділер сүтқоректілер

үй жануарлары жабайы жануарлар

(шөп қоректілер және жыртқыштар)

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

«Аңшылар» тақырыбына әңгіме құрастыр. Қасқырды, құндызды қалай аулайтынын әңгімеле.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қандай жануарлар жыртқыштарға жатады? Оларды неге жыртқыштар дейді?

  2. Жануарлардың жемін аулау тәсілдері.

  3. Түлкінің айласы.

  4. Өсімдікқоректі жануарларды ата.

  5. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар.

  6. Жыртқыш құстарды ата.

  7. Мысық жемтігін қалай аулайды?

  8. Қасқырдың тіршілігі туралы әңгімеле.

Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады. Сонда бұл екеуін бір–біріне жау деуге бола ма?

Жауабыңды дәлелде.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]