Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне не қажет?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Адам өміріне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру.Әр жағдайдың қаншалықты қажеттілігіне оқушы назарын аударып, оны үнемі есекеріп жүру керек екендігіне сенімін туғызу.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: «Адам өміріне қажет жағдайлар» картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Оқушылармен әңгіме жүргізу:

- 2 сыныптың дүниетану оқулығымен, оның құрылымымен және авторларымен таныстыру;

- оқулықты күтіп ұстау туралы әңгіме жүргізу.

Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Табиғат

тірі табиғат өлі табиғат

Адам өсімдік жануар

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға берілетін базалық білім:

  • Адам өмірі және ауа, су, жылу, жарық, тағам.

  • Ауа, су, жылу, жарық, тағам – адам өміріне ең қажетті жағдайлар.

  • Адам тіршілігінің осы жағдайларға тәуелділігі.

  1. Пікірлесу:

Адамға ең қажетті қандай жағдайлар бар деп ойлайсыңдар?

  1. Адам ауа, су, жылу, жарық, тағамды қажет етеді. Әрқайсысына мысалдар келтіру, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.

  1. Оқулықпен жұмыс.( Мәтінді мәнерлеп оқу)

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Бұл қызық!

Ауа, су, тамақ, жылу, жарық күнделікті өмірде аз ғана уақыт болмаса онда адам қиналады. Тіпті өмір сүруі қиындайды.

Сусыз − бес күн!

Ауасыз − бірнеше минут!

қажеттілік

тілек

Ауа, су, тамақ, жылу, жарық велосипед, доп, компьютер

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Адам өміріне ең қажетті жағдайларды ата:

  2. Олар не үшін керек?

  3. Әрқайсысының қажеттілігін баянда.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]