Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниетану 2 сынып. 2013-2014.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
6.1 Mб
Скачать

2 Сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Тұқым мен жемістің өсімдіктің өніп, өркендеуіндегі пісіп, жетілген кезеңі екенін түсіндіру. Тұқымның кейде жеміс ішінде, кейде бөлек өсіп жетілетінін түсіндіру. Өсімдік көбею үшін тұқым маңызды.Тұқымның әр түлі болатыны және әр түрлі аталатыны жайлы толық ұғым беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. «Өсімдіктер» топтамасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Өсімдік мүшелері, олардың орналасуы.

Жаңа сабақ.

Өсімдік мүшелері туралы не білеміз? - Тұқым мен жеміс.

  1. Тұқым мен жемістің өсімдіктің өніп, өркендеуіндегі пісіп, жетілген кезеңі.

  2. Тұқымның кейде жеміс ішінде, кейде бөлек өсіп жетіледі.

  3. Өсімдік көбею үшін тұқым маңызды.

  4. Тұқымның әр түлі болады және әр түрлі аталады.

«Гүл түйін» жеміс тұқым

тұқым

құрғақ

шырынды

жаңғақ, бидай, тары, бұршақ т.б

қызанақ, қияр, қауын, қарбыз т.б.

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

  1. Тұқым мен жеміс өсімдіктің қандай мүшесі?

  2. Шырынды жемістерге мысал келтір. Олардың тұқымы қалай аталады?

  3. Құрғақ жемістерге мысал келтір. Олардың тұқымы қалай аталады?

  4. Өсімдіктердің тұқымының таралуы жайлы әңгімеле.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]