- •1.Андронов мәдениеті:археологиялық ескерткіштер,кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •2. Қазақ хандығының 15-17 ғасырдың басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.
- •4. Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •5. Ш.Уәлиханов және оның ғылыми жұмыстары.
- •6. Пән ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оның зерттеулерінің өзектілігі.
- •7. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •8. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбалар (антикалық, қытай, ежелгі парсы) ескерткіштері.
- •9.Қазақстан-Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы(антропогегез,техногенез,социогенез).Тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.
- •10.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •11.Хунну, усун, кангюй мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •12. Бүгінгі кезеңдегі қр-ның сыртқы саяси басымдықтары.
- •13. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және мәдени-рухани салдары.
- •14. XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •15. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ак Орда.
- •16. Социализмнің тоталитарлық-әкімшілік жүйесі және XX ғ. 40-50 жж Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі».
- •17.Көне түркі жазба ескерткіштері.Түріктердің тарихы мен мәдениеті туралы жазба деректер.
- •18. 19 Ғ. Соңындағы 20 ғ. Басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайындағы жаңа құбылыстар.
- •19.Қазақстандағы қала мәдениеті. Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •20. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»(1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»(1824ж) негізінде отаршылдық жүйенің жасалуы.
- •21.Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс.
- •22. Көне түріктердің діні мен наным сенімдері.
- •23. Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.
- •24. Ислам дінінің түрік тайпалары арасында таралуы. Ахмет Яссауи – сопылық (суфизм) діни бағытты уағыздаушы.
- •25. 19 Ғасырдың екінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстандағы патша өкіметінің әскери-саяси шаралары.
- •26. Қазақстан территориясындағы этно-генетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •27. Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы. Социалистік революция мен коммунистік идеологияның мәні.
- •28. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы. (9-11 ғғ.).
- •30. 1917 Ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдайлар. Түркістанда «Қоқан» автономиясының жариялануы.
- •31. Қазақстандағы археологиялық деректердегі сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.
- •32.1924 Ж Түркістан республикаларындағы ұлттық-мемлекеттік межеулер.
- •33. Қазақстан аймағы монғол ұлыстары құрамында.
- •34. Xyiii ғасырдың аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлының бастауымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.
- •35. Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандық батырлардың ерлік істері.
- •36. Алтын Орданың этно-саяси тарихы.
- •37.Кіші жэне Орта жүз қазақтарының Ресей проректоратын қабылдауы.
- •38.Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
- •39.Қазақ- жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.
- •40. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және 1917 ж. Қазан революциясы: Қазақстандағы саяси күштер қақтығысы.
- •41.Қазақ хандығының тари хына қатысты жазба деректер.
- •42.1990-Жылдарда жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •43.Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі.
- •44. Абай Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы.
- •46. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрлі (мұсылмандық) және орыс білім беру жүйесі. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
- •47. Түркі кезеңдегі ғалымдары мен ойшылдары. Әбу-Насыр Әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн.
- •48. Тұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қызметі.
- •49. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шауашылығы, мәдениеті.
- •50. Кенесары (1802-1847ж.Ж.) Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге талпыныстар.
- •51. «Қайта құру» және 1985-1991 жж.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •53. Қазақстанда отарлау режимін орнықтыруға бағытталған патшалықтың реформалары: (1867-1868 және 1886, 1891жж. Әкімшілік-территориялық реформалар) .
- •54. Қазақ ауылын күштеп отырықшыландырудың және ұжымдастырудың қайғылы нәтижелері. ХХғ. 30ғ. Ашаршылық (аштық).
- •55. Батыс Түрік қағанатындағы этно-мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар.
- •56. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары және viiIғ. Орталық Азиядағы геосаяси жағдай.
- •57. Қазақстандағы қоныс аудару саясатының мақсаттары мен кезеңдері.
- •58. 1965-1966 Жж. Социалистік экономиканы реформалауға ұмтылыстар: жетістіктер мен қайшылықтар.
- •59. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Моғолстан.
- •60. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс(1836-1838 жж).
- •61. Сталиндік режим тұсындағы Қазақстандағы саяси репрессиялар. Қазақстанға халықтардың депортациялануы және оның салдарлары.
- •62.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: « Көшпелі өзбектер» хандығы.
- •63.Шыңғыс хан тұсында моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулаудың басталуы.
- •64. XXғ. Басындағы Қазақстан халқының әлеуметтік және этникалық құрылымының өзгеруі.
- •65. Қазақ хандығының саяси-құқықтық жүйесі.«Жеті жарғы».
- •66. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы.Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру ерекшеліктері.
- •70. Түріктердің этногенезі және түркі мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері.
- •71. 1995 Жылғы Конституция қр-ның негізгі заңы.
- •72. «Қазақстан-2030» -қр дамуының негізгі басымдықтарын көрсетіңіз.
- •73.Ксро-ның құлау себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптарын көрсетіңіз.
- •74. Қр экологиялық проблемалар және оны шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •76. Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •77. Ноғай ордасының саяси тарихы.
- •78. Орал,Торғай облыстарындағы қазақтардың 1867-1868жж. Ережеге қарсы көтерілісі.
- •79. Шыұ негізінде қр әскери қауіпсіздік мәселелерін талдаңыз.
- •80. Ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •81. Қр Президенті Назарбаевтың қр-ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •82. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: жасалу тарихы мен семантикасы.
- •83. Қр Президентінің «Жаңа онжылдық: жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
- •85. Ксро-ның құлауы және Тәуелсіз мемлекеттер достығының құрылуы(тмд). Алматы деклорациясы.
- •86.«Невада - семей» қозғалысы және Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекет деп жариялау.
- •87. Нарықтық экономикаға көшу және тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы мәселелер. (хх ғ. 90жж.-2000жж.)
- •88. Тәуелсіз Қазақстан: саяси құрылымның негіздері, азаматтық құқықтары мен міндеттрері, экономикалық дамудың принциптері.(қр Конституциясының «жалпы ережелері»).
- •89. Еқұы-дағы Қазақстанның төрағалығы. Саммиттің қорытындылары және тарихи маңызын ашыңыз.
88. Тәуелсіз Қазақстан: саяси құрылымның негіздері, азаматтық құқықтары мен міндеттрері, экономикалық дамудың принциптері.(қр Конституциясының «жалпы ережелері»).
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. 1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары",- деп жазылған.
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
|
|
“Жалпы ережелер” деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемл. билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемл. билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемл. тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемл. билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экон. негiздерден, әлеум. саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады.