Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

61. Сталиндік режим тұсындағы Қазақстандағы саяси репрессиялар. Қазақстанға халықтардың депортациялануы және оның салдарлары.

Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын сүргін бағдарламасының негізіне айналып, «халық жауларын» әшкерелеумен айқындалды. «Партия мен халыққа жат элементтер» ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан іздестірілді. Қоғамдық санаға әсер ететін механизмдер жасалды. 30жылдардың басында Маркс, Энгельс, Ленин идеяларының догмасы айқындалып, Сталиннің жеке басына табынуы қалыптасты. 1937-1938жылдардағы репрессия дауылының күшеюіне БК(б)П Орталық Комитетінің 1936 жылы 29шілдеде барлық партия ұйымдары атына жіберген құпия хаты себеп болды, онда «жауға қатысты қырағылық пен көрегендік» жұмысының барысында орын алған кемшіліктерді жою талаптарын барынша күшейту міндеті қойылды. Хатты талқылау нәтижесінде партия қатарынан 43 контрреволюцияшылдар әшкереленіп, қудаланды. «Ұлтшыл-фашизммен» айыпталған М.Ғатаулин, А.Асылбеков, С.Нұрпейісов, К.Сарымолдаев, Ұ.Құлымбетов, Ғ.Тоғжанов және т.б. азаматтар бірінен кейін бірі қамауға алынды. Мәскеуде Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов,С.Қожанов тұтқындалды. Қазақстандағы облыстық «үштіктердің» 24 мүшесінің 15і репрессияға ұшырады. Саяси қуғын сүргін науқанында тек басшылар мен зиялылар қауымы ғана емес, қарапайым адамдар да зардап шекті. 1920 жылдан 1953 жылға дейін 110 мың адам саяси қуғын сүргінге ұшыраған. Бүгінде олардың 96мыңы ақталды. Ұжымдастыру, кулактарды қудалау, сондай ақ «халық жауларымен» күресу барысында КСРО НКВД(Ішкі Істер Жөніндегі Халық Комиссариаты) лагерьлері Бас басқармасы небір зұлымдық әрекеттер жасады. 1940 жылы ГУЛАГ құрамында 53лагерь болса, 1954 жылы оның саны 64ке жетті. 1930 жылы лагерьлерде 179мың тұтқын болса, 1940жылы олардың саны 1 344 408 адамнан, ал 1953 жылы 1 727 970 адамға дейін жетті.

62.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: « Көшпелі өзбектер» хандығы.

XV ғ 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Қаз.ның орт.бат.ж/е солт-бат аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды.1428 ж – Шайбан ұрпағы 17 жасар Әбілқайыр осы аймақтардағы билікті өз қолына алды.Әбілқайыр Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты.Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы феодалдарының басын қосып, «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.Территориясы:бат. - Жайық , шығ. - Балқаш, оңт. - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы , солт – Тобыл ж/е Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары.Құрамында қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б болды. «Тоқсан екі баулы өзбек» деген шежіреге қарағанда , Өзбек ұлысы н/е Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған.Елді 40 ж билесе де ,Әбілқайыр елдің жағдайын тұрақты ете алмады.Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп,оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында толассыз соғыстар тоқтамады.1431ж Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетіп, Батый ханның астанасы болған Орда-Базарды бағындырып, оны өзінің орталығы етеді. Оған дейін астана Тура қаласында болған.1446 ж Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді.Бұл жеңістен кейін Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент сияқты экономикалық жағынан маңызды қалаларды басып алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын өзінің орталығы жасайды. XV ғ 50-жылдары Самарқанд, Бұқарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақта 1457 ж Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтын ауыр шарт жасасты.Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Өзі күмәнданған шонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады.Нәтижесінде XV ғ 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтан бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 ж Әбілқайыр Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады.Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті. Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді.Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді.Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді.Бұл жердегі билік қазақ хандарына көшеді.XVI ғ басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуеренахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарының билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды.Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.