- •1.Андронов мәдениеті:археологиялық ескерткіштер,кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •2. Қазақ хандығының 15-17 ғасырдың басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.
- •4. Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •5. Ш.Уәлиханов және оның ғылыми жұмыстары.
- •6. Пән ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оның зерттеулерінің өзектілігі.
- •7. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •8. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбалар (антикалық, қытай, ежелгі парсы) ескерткіштері.
- •9.Қазақстан-Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы(антропогегез,техногенез,социогенез).Тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.
- •10.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •11.Хунну, усун, кангюй мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •12. Бүгінгі кезеңдегі қр-ның сыртқы саяси басымдықтары.
- •13. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және мәдени-рухани салдары.
- •14. XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •15. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ак Орда.
- •16. Социализмнің тоталитарлық-әкімшілік жүйесі және XX ғ. 40-50 жж Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі».
- •17.Көне түркі жазба ескерткіштері.Түріктердің тарихы мен мәдениеті туралы жазба деректер.
- •18. 19 Ғ. Соңындағы 20 ғ. Басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайындағы жаңа құбылыстар.
- •19.Қазақстандағы қала мәдениеті. Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •20. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»(1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»(1824ж) негізінде отаршылдық жүйенің жасалуы.
- •21.Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс.
- •22. Көне түріктердің діні мен наным сенімдері.
- •23. Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.
- •24. Ислам дінінің түрік тайпалары арасында таралуы. Ахмет Яссауи – сопылық (суфизм) діни бағытты уағыздаушы.
- •25. 19 Ғасырдың екінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстандағы патша өкіметінің әскери-саяси шаралары.
- •26. Қазақстан территориясындағы этно-генетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •27. Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы. Социалистік революция мен коммунистік идеологияның мәні.
- •28. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы. (9-11 ғғ.).
- •30. 1917 Ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдайлар. Түркістанда «Қоқан» автономиясының жариялануы.
- •31. Қазақстандағы археологиялық деректердегі сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.
- •32.1924 Ж Түркістан республикаларындағы ұлттық-мемлекеттік межеулер.
- •33. Қазақстан аймағы монғол ұлыстары құрамында.
- •34. Xyiii ғасырдың аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлының бастауымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.
- •35. Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандық батырлардың ерлік істері.
- •36. Алтын Орданың этно-саяси тарихы.
- •37.Кіші жэне Орта жүз қазақтарының Ресей проректоратын қабылдауы.
- •38.Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
- •39.Қазақ- жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.
- •40. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және 1917 ж. Қазан революциясы: Қазақстандағы саяси күштер қақтығысы.
- •41.Қазақ хандығының тари хына қатысты жазба деректер.
- •42.1990-Жылдарда жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •43.Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі.
- •44. Абай Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы.
- •46. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрлі (мұсылмандық) және орыс білім беру жүйесі. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
- •47. Түркі кезеңдегі ғалымдары мен ойшылдары. Әбу-Насыр Әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн.
- •48. Тұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қызметі.
- •49. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шауашылығы, мәдениеті.
- •50. Кенесары (1802-1847ж.Ж.) Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге талпыныстар.
- •51. «Қайта құру» және 1985-1991 жж.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •53. Қазақстанда отарлау режимін орнықтыруға бағытталған патшалықтың реформалары: (1867-1868 және 1886, 1891жж. Әкімшілік-территориялық реформалар) .
- •54. Қазақ ауылын күштеп отырықшыландырудың және ұжымдастырудың қайғылы нәтижелері. ХХғ. 30ғ. Ашаршылық (аштық).
- •55. Батыс Түрік қағанатындағы этно-мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар.
- •56. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары және viiIғ. Орталық Азиядағы геосаяси жағдай.
- •57. Қазақстандағы қоныс аудару саясатының мақсаттары мен кезеңдері.
- •58. 1965-1966 Жж. Социалистік экономиканы реформалауға ұмтылыстар: жетістіктер мен қайшылықтар.
- •59. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Моғолстан.
- •60. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс(1836-1838 жж).
- •61. Сталиндік режим тұсындағы Қазақстандағы саяси репрессиялар. Қазақстанға халықтардың депортациялануы және оның салдарлары.
- •62.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: « Көшпелі өзбектер» хандығы.
- •63.Шыңғыс хан тұсында моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулаудың басталуы.
- •64. XXғ. Басындағы Қазақстан халқының әлеуметтік және этникалық құрылымының өзгеруі.
- •65. Қазақ хандығының саяси-құқықтық жүйесі.«Жеті жарғы».
- •66. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы.Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру ерекшеліктері.
- •70. Түріктердің этногенезі және түркі мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері.
- •71. 1995 Жылғы Конституция қр-ның негізгі заңы.
- •72. «Қазақстан-2030» -қр дамуының негізгі басымдықтарын көрсетіңіз.
- •73.Ксро-ның құлау себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптарын көрсетіңіз.
- •74. Қр экологиялық проблемалар және оны шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •76. Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •77. Ноғай ордасының саяси тарихы.
- •78. Орал,Торғай облыстарындағы қазақтардың 1867-1868жж. Ережеге қарсы көтерілісі.
- •79. Шыұ негізінде қр әскери қауіпсіздік мәселелерін талдаңыз.
- •80. Ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •81. Қр Президенті Назарбаевтың қр-ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •82. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: жасалу тарихы мен семантикасы.
- •83. Қр Президентінің «Жаңа онжылдық: жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
- •85. Ксро-ның құлауы және Тәуелсіз мемлекеттер достығының құрылуы(тмд). Алматы деклорациясы.
- •86.«Невада - семей» қозғалысы және Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекет деп жариялау.
- •87. Нарықтық экономикаға көшу және тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы мәселелер. (хх ғ. 90жж.-2000жж.)
- •88. Тәуелсіз Қазақстан: саяси құрылымның негіздері, азаматтық құқықтары мен міндеттрері, экономикалық дамудың принциптері.(қр Конституциясының «жалпы ережелері»).
- •89. Еқұы-дағы Қазақстанның төрағалығы. Саммиттің қорытындылары және тарихи маңызын ашыңыз.
46. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрлі (мұсылмандық) және орыс білім беру жүйесі. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
XIX ғ. аяғы – XX ғ. басында Ресей империясының халыққа білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесіне көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі және ұлттық шет аймақтардағы бүкіл ағарту жүйесін: 1) әлі аз орыстанғандар үшін, 2) орыстары көп жерде тұратындар үшін, 3) жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп, 3 санатқа бөлді. Заңды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда әр түрлі облыстарда әр алуан үлгідегі мектептер құрыла бастады. Мәселен, Ақмола және Семей облыстарында – мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық мектептер, болыстық (бір сыныпты), екі сыныпты училищелер, Жетісу мен Сырдарияда — «орыс бұратаналық» мектептер, Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) старшындық және учаскелік училищелер құрылды. Олардың бәрі Халық ағарту министрлігіне бағынды. Халыққа білім беру саласындағы империялық саясат шеңберінде 1906 жылы тамызда болып өткен III жалпымұсылмандық съезі халыққа білім беру ісі бойынша тұтас бағдарлама жасады. Съезд шешімдерінде былай деп белгіленді: барлық қоныстарда балалар мен қыздарға міндетті бастауыш білім беретін мектептер ашылсын; оқыту бір бағдарлама бойынша және араб әліпбиі негізінде ана тілінде жүргізілуі тиіс болды; мектептерді ұстау земствоның, қала молдасының қарауында, ал басқару мен бақылау мұсылмандардың өз қолында болуға тиіс; мұғалімдер мен оқушылар құқықтары жөнінен орыс мектептерінің мұғалімдерімен және оқушыларымен теңестірілуге тиіс болды. 1907 жылы Ресей империясында жалпы білім беруді енгізу туралы жоба жарияланды, онда бастауыш мектептер желісін құру көзделді. Жоба бойынша білім беру ісі 7–11 жастағы балаларды қамтуға тиіс болды, бастауыш білім беруді 10 жыл ішінде енгізу жорамалданды. Нақ осы жылдарда бастауыш білім беру мұқтаждарына қаражат босату туралы заң (1908) және 1909 жылы Халық ағарту министрлігі жанына «мектеп-құрылыс қорын» құру туралы заң қабылданды. Бұл заң актілері мектепте білім беру жүйесін кеңейтті, халыққа білім беру ісінің, соның ішінде Қазақстанның бүкіл аумағында орыс-қазақ мектептерінің (ол кездегі құжаттарда – орыс-қырғыз және орыс-туземдік) кең желісін құруға кейбір дәрежеде жағдайлар жасады. Ыбырай Алтынсарин (1841–1889). Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында туған. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. 1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Алтынсарин патша өкіметінің саясатына қарсы болды. 1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. 1888 жылы ол Ырғыз қаласында қазақ қыздарын оқытатын, интернаты бар мектеп ашып, патша әкімшілігінен интернаттары бар қыздар училищелерін ашуға рұқсат алды. Алтынсарин көзінің тірі кезінде төрт екі сыныптық орталық «орыс-қазақ» училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище, орыс шаруаларының балаларына арналған екі училище аштырды. Ол орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» және «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» атты екі оқу құралын жазды, оларды Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалғаннан көп бұрын бастап, 1869 жылы аяқтады.