Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

22. Көне түріктердің діні мен наным сенімдері.

Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның көшпелі халқы және қалалары мен қоныстары тұрғындарының діни нанымдары мен сенімдері әр түрлі болды. Ерте орта ғасырлық түрік тайпалары Көк Тәңірісіне және Жер мен Суға табынды. Діни нанымды Көк тәңірісінен кейін екінші орында Ұмай құдай ана тұрды.Ол отбасы мен балалардың, ошақтың қамқоршысы ретінде бейнеленді. Түріктердің нанымы бойынша Ұмай құдай ана олардың барлық ісін қолдап отырған. Түріктер отты да пір тұтқан және отпен жамандық пен кесапатты және жын шайтандарды аластаған. Түріктер өлгендерді ертедегі шаман ғұрпымен жерлеген. Өртенген өлікті белгілі мерзімнен кейін ғана жерге көмген. Жерлеуден кейін қабір үстіне тас қалап, басына құлпытас орнатқан. VI-IX ғасырларда Орта Азия мен Қазақстандағы түрік тілдес халықтар арасында өз сенім нанымдарымен қатар зороасторизм, христиандық, буддизм, манихейлік сияқты дүниежүзілік дін жүйелері де кеңінен тараған. Бұлардың арасынан алғашқылардың бірі болып будда діні түрік қағанатындағы ақсүйектер ортасында неғұрлым танымал бола бастайды. VI-XI ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда манихейлік және христиандық діндер болған. Христиан діні Қазақстанға Орта Азиядан тараған. Мерв қаласында христиандық орталығы орналасты. Оңтүстік Қазақстанның отырықшы және көшпелі халқы ислам дінін IX-X ғасырлардан бастап қана қабылдай бастады. Ислам діні осы кезден бастап бұрынғы діни нанымдары мен сенімдерді ығыстырып шығарды. Дүниежүзілік ірі діндер: буддизм, христиан бұл аймақта қанатын кеңге жая алмады. Ислам діні бірте бірте Қазақстанның басқа аймақтарына да жайылып, бірнеше ғасырдан кейін бүкіл қазақ даласының басты дініне айналды.

23. Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.

1905-1907 жылдары Ресейде болған алғашқы орыс революциясының дүмпуі шеткері аймақтарға да жетті. Ресейде болған бұл революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік және басқа да түрлеріне қарсы ұлт азаттық, жұмысшы, аграрлық және басқа да қозғалыстардың өрістеуіне едәуір дәрежеде серпін берді. Петербургте басталған революциялық оқиғалардың Қазақстанға кешеуілдеп жеткеніне қарамастан, 1905 жылдың ақпан айының өзінде ақ Шалқарда, Жосалыда, Перовскіде, Түркістанда жергілікті отаршылдық әкімшілікке қарсы наразылықтар болып өтті. 1905 жылы мамыр айында Перовскіде, Верныйда, Қостанайда жұмысшылар ереуілдері өткізілді. Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі кезінде Оралда, Перовскіде, Қостанайда және Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды. 1905 жылы қарашада 17 қазанындағы патша манифесінің ережелері мен шаруалардың талаптары талқыланған көптеген қазақ ауылдарында көпшілік қатысқан жиналыстар өтті. 1905 1907 жылдары патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы әлеуметтік экономикалық және саяси талаптар қойған ереуілдер мен демонстрациялар Оралда, Перовскіде, Атбасарда,Ақтөбеде, Верныйда, Қостанайда, Өскеменде және Успен мыс руднигі мен Спасск мыс қорыту зауытында болып өтті. Революция жылдарында саяси ұйымдар мен топтар жұмыс істеді және саяси іс тәжірибелер жинақтады. 1905 жылдың соңында Оралда өткен бірінші жалпықазақ съезінде қазақ ұлттық саяси партиясын құру мәселесі қойылды. 1906 жылы ақпанда Семейде екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде қазақ жерлерін қайтаруды және оны қазақ халқының меншігі деп мойындауды, мектептер, медреселер ашу туралы заң қабылдауды және шаруалардың қоныс аудару қозғалысын тоқтатуды талап еткен Ресей кадеттерінің бағдарламасы қолдау тапты. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Оралда Теміржолшылар кәсіподағы құрылды. Өз қатарында 6000 адамды топтастырған Орынбор Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы өлкедегі ең ірі кәсіподақ ұйымдарының бірі болып саналды. 1905 1907 жылдардағы Ресей революциясы жеңіліс тапты және алдына қойған міндеттерін шеше алмады.