Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих жауаптары толык.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
734.72 Кб
Скачать

16. Социализмнің тоталитарлық-әкімшілік жүйесі және XX ғ. 40-50 жж Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі».

1953 жы­лы на­урыз­да әміршіл-әкімшіл жүйенің иде­оло­гы, КСРО бас­шы­сы И. В. Ста­лин қай­тыс бол­ды. 1953 жы­лы шілде­де Ста­линнің оң қолы, қуғын-сүргінді ұйым­дасты­рушы, КСРО Ми­нист­рлер Кеңесі төрағасы­ның бірінші орын­ба­сары Л. П. Бе­рия бар­лық ла­уазым­ды қыз­меттерінен бо­саты­лып, атыл­ды. Осы­лай Кеңес­тер Одағын­да ши­рек ғасырға со­зылған то­тали­тар­лық, адам құқығын аяққа тап­таған үстемдік аяқтал­ды. Бю­рок­рат көсем­дер биліктен кет­кенімен, олар­дан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойыл­ма­ды. 1953 жы­лы шілде, қыркүйек ай­ла­рын­да болған КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумын­да әміршіл жүйеге бай­ла­ныс­ты біраз мәсе­лелер көтерілді. Бұл мәсе­ленің бар­лығы КОКП XX съезінің бас­ты тақырып­та­рының бірі бол­ды. Съез­де мем­ле­кет бас­шы­сы Н. С. Хру­щев же­ке адам­ның ба­сына та­быну­дың жай-жап­са­ры ту­ралы ба­ян­да­ма жа­сады. Съез­де «Же­ке адамға та­быну және осы­ның сал­да­ры ту­ралы» қаулы қабыл­данды. Е. Бек­ма­ханов ісі. Ермұхан Бек­ма­ханов Во­ронеж пе­даго­гика инс­ти­тутын бітірген та­рих­шы ғалым бол­ды. Е. Бек­ма­ханов 1943 жы­лы «Қазақ ССР та­рихы» ат­ты еңбек жа­зып, 1946 жы­лы док­торлық дис­серта­ция қорғады. 1947 жы­лы дис­серта­ци­ясын «XX ғасыр­дың 20–40 жыл­да­рын­дағы Қазақстан» тақыры­бын­да мо­ног­ра­фия етіп шығар­ды. Е. Бек­ма­ханов бұл еңбек­терінде 1837–1847 жыл­дардағы Ке­неса­ры Қасымұлы бас­таған көтеріліс ту­ралы кең көлем­де жазған бо­латын. Осыған бай­ла­ныс­ты Е. Бек­ма­хановқа Ре­сей­ге қар­сы көтерілісті жақтаған, Ке­неса­ры қозғалы­сын ақтауға ты­рысқан бур­жу­азияшыл, ұлтшыл де­ген айып тағыл­ды. 1950 жыл­дан бас­тап ком­му­нистік пар­тия бас­пасөз арқылы Е. Бек­ма­ханов­ты ашық айып­тай бас­та­ды. Сөйтіп, Е.Бекмаханов 1952 жылдың 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды. Тек Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954 жылдың 16 ақпаны күні Бекмахановқа КСРО ішкі істер министрлігі оның үстінен қозғалған істің тоқтатылғанын мәлімдеп, бостандыққа шығарады.

17.Көне түркі жазба ескерткіштері.Түріктердің тарихы мен мәдениеті туралы жазба деректер.

Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар (белгілер) салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты әкелген. Онда соғды тілінде жазылған жазу бар.Руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болды. Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында VII ғ бірніші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір – бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға (жырып не ойып жазуға) қолайлылығымен ерекшеленеді. Көне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы дер едік. Білге – қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Б з I мыңжылдығының ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар үш топқа бөлінді: Бұлғар- хазар. Батыс- түрік (оғыз). Қарлұқ. VIII-X ғ. Батыс- түрік тілдер тармағынан Қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңт. Қазақстан халқы монғол-қидан, соғды, сирия, араб тілдерінде сөйлеген. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы). Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері – Солт. Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынын табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне жазылған. Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғ. 20 –жылдарында Енесей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф. Страленбрг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуынп ұқсас болғандықтанируна жазуы деп аталады. 1889 жыл- Н.М. Ядринцев Солт. Монғолияда, рхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты. 1893 жылы 15 желтоқсан – дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды. Руналық жазулар сипаты: Маңызды зор тарихи құжаттар.Әдеби көркем шығарма. Шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза. Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды. VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.