
- •1.Андронов мәдениеті:археологиялық ескерткіштер,кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •2. Қазақ хандығының 15-17 ғасырдың басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.
- •4. Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •5. Ш.Уәлиханов және оның ғылыми жұмыстары.
- •6. Пән ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оның зерттеулерінің өзектілігі.
- •7. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •8. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбалар (антикалық, қытай, ежелгі парсы) ескерткіштері.
- •9.Қазақстан-Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы(антропогегез,техногенез,социогенез).Тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.
- •10.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •11.Хунну, усун, кангюй мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •12. Бүгінгі кезеңдегі қр-ның сыртқы саяси басымдықтары.
- •13. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және мәдени-рухани салдары.
- •14. XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •15. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ак Орда.
- •16. Социализмнің тоталитарлық-әкімшілік жүйесі және XX ғ. 40-50 жж Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі».
- •17.Көне түркі жазба ескерткіштері.Түріктердің тарихы мен мәдениеті туралы жазба деректер.
- •18. 19 Ғ. Соңындағы 20 ғ. Басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайындағы жаңа құбылыстар.
- •19.Қазақстандағы қала мәдениеті. Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •20. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»(1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»(1824ж) негізінде отаршылдық жүйенің жасалуы.
- •21.Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс.
- •22. Көне түріктердің діні мен наным сенімдері.
- •23. Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.
- •24. Ислам дінінің түрік тайпалары арасында таралуы. Ахмет Яссауи – сопылық (суфизм) діни бағытты уағыздаушы.
- •25. 19 Ғасырдың екінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстандағы патша өкіметінің әскери-саяси шаралары.
- •26. Қазақстан территориясындағы этно-генетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •27. Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы. Социалистік революция мен коммунистік идеологияның мәні.
- •28. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы. (9-11 ғғ.).
- •30. 1917 Ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдайлар. Түркістанда «Қоқан» автономиясының жариялануы.
- •31. Қазақстандағы археологиялық деректердегі сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.
- •32.1924 Ж Түркістан республикаларындағы ұлттық-мемлекеттік межеулер.
- •33. Қазақстан аймағы монғол ұлыстары құрамында.
- •34. Xyiii ғасырдың аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлының бастауымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.
- •35. Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандық батырлардың ерлік істері.
- •36. Алтын Орданың этно-саяси тарихы.
- •37.Кіші жэне Орта жүз қазақтарының Ресей проректоратын қабылдауы.
- •38.Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
- •39.Қазақ- жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.
- •40. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және 1917 ж. Қазан революциясы: Қазақстандағы саяси күштер қақтығысы.
- •41.Қазақ хандығының тари хына қатысты жазба деректер.
- •42.1990-Жылдарда жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •43.Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі.
- •44. Абай Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы.
- •46. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрлі (мұсылмандық) және орыс білім беру жүйесі. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
- •47. Түркі кезеңдегі ғалымдары мен ойшылдары. Әбу-Насыр Әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн.
- •48. Тұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қызметі.
- •49. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шауашылығы, мәдениеті.
- •50. Кенесары (1802-1847ж.Ж.) Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге талпыныстар.
- •51. «Қайта құру» және 1985-1991 жж.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •53. Қазақстанда отарлау режимін орнықтыруға бағытталған патшалықтың реформалары: (1867-1868 және 1886, 1891жж. Әкімшілік-территориялық реформалар) .
- •54. Қазақ ауылын күштеп отырықшыландырудың және ұжымдастырудың қайғылы нәтижелері. ХХғ. 30ғ. Ашаршылық (аштық).
- •55. Батыс Түрік қағанатындағы этно-мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар.
- •56. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары және viiIғ. Орталық Азиядағы геосаяси жағдай.
- •57. Қазақстандағы қоныс аудару саясатының мақсаттары мен кезеңдері.
- •58. 1965-1966 Жж. Социалистік экономиканы реформалауға ұмтылыстар: жетістіктер мен қайшылықтар.
- •59. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Моғолстан.
- •60. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс(1836-1838 жж).
- •61. Сталиндік режим тұсындағы Қазақстандағы саяси репрессиялар. Қазақстанға халықтардың депортациялануы және оның салдарлары.
- •62.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: « Көшпелі өзбектер» хандығы.
- •63.Шыңғыс хан тұсында моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулаудың басталуы.
- •64. XXғ. Басындағы Қазақстан халқының әлеуметтік және этникалық құрылымының өзгеруі.
- •65. Қазақ хандығының саяси-құқықтық жүйесі.«Жеті жарғы».
- •66. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы.Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру ерекшеліктері.
- •70. Түріктердің этногенезі және түркі мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері.
- •71. 1995 Жылғы Конституция қр-ның негізгі заңы.
- •72. «Қазақстан-2030» -қр дамуының негізгі басымдықтарын көрсетіңіз.
- •73.Ксро-ның құлау себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптарын көрсетіңіз.
- •74. Қр экологиялық проблемалар және оны шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •76. Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •77. Ноғай ордасының саяси тарихы.
- •78. Орал,Торғай облыстарындағы қазақтардың 1867-1868жж. Ережеге қарсы көтерілісі.
- •79. Шыұ негізінде қр әскери қауіпсіздік мәселелерін талдаңыз.
- •80. Ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •81. Қр Президенті Назарбаевтың қр-ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •82. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: жасалу тарихы мен семантикасы.
- •83. Қр Президентінің «Жаңа онжылдық: жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
- •85. Ксро-ның құлауы және Тәуелсіз мемлекеттер достығының құрылуы(тмд). Алматы деклорациясы.
- •86.«Невада - семей» қозғалысы және Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекет деп жариялау.
- •87. Нарықтық экономикаға көшу және тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы мәселелер. (хх ғ. 90жж.-2000жж.)
- •88. Тәуелсіз Қазақстан: саяси құрылымның негіздері, азаматтық құқықтары мен міндеттрері, экономикалық дамудың принциптері.(қр Конституциясының «жалпы ережелері»).
- •89. Еқұы-дағы Қазақстанның төрағалығы. Саммиттің қорытындылары және тарихи маңызын ашыңыз.
14. XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Осы кезеңде қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен әсіресе, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы болды. Әрине, бұдан аталмыш осы газет-журналдан басқа баспасөздер болған жоқ деген ой тумайды. Барлық баспасөздің өзіндік орны, мақсат-міндеті, саясилығы, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар. Біз 19 ғасырдың 2 жартысы мен 20 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ баспасөзінің ішінде «Қазақ» газеті мен «Айқап»! журналына тоқтала кетейік. «Айқап» журналы. 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872–1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. “Айқап” әр материалдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдармен оқырмандар хаттарын жариялаған. Жер, сьезд, сайлау т.б. мәселелер көтерген мақалалар журналдың ортаңғы беттерінде орналасқан. Ал “фельетон”, “хабарлар” айдарымен берілген материалдар, көңіл айтулар, жаңа кітаптар туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын. “Айқаптың”, “Ашық хат”, “Басқармадан жауап” деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылықты, жүйелілікті танытады. Журналдың безендіру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. “Айқап” өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрттар асыға күтті. “Айқап” және оның редакторы сол кездегі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы – жер мәселесі екенін жақсы түсінген. Осы мәселеге қатысты көптеген материалдар жарияланған. Елге отырықшылық өмірге көшу, ауыл, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы кеңестер беріп отырған. «Қазақ» газеті. «Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды. Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің негізгі мәселеріне, шаруашылық жайына жер мәселелеріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, тарихқа арналған А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың т.б. жазушы, қоғам қайраткерлерінің мақалалары жарияланып тұрған. Кезінде басылым әскери цензураның қатаң бақылауында болған. Газет бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф?? Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары мұрағатта сақталған. Көптеген қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ. Қазақ газетінде де жер мәселесі үздіксіз көтеріліп отырды 1905-1907 жылдардағы көтерілістен кейін патша үкіметі қазақтардың жерін тартып ала бастаған. Бұл туралы А.Байтұрсынов: “Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зары жер мәселесі. Бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі” – деген. “Қазақ” газеті де, “Айқап” журналы да, жер мәселесі туралы жазғанда ең алдымен халықтың жайын ойлады.