- •1.Андронов мәдениеті:археологиялық ескерткіштер,кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
- •2. Қазақ хандығының 15-17 ғасырдың басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.
- •4. Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •5. Ш.Уәлиханов және оның ғылыми жұмыстары.
- •6. Пән ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оның зерттеулерінің өзектілігі.
- •7. Қараханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •8. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбалар (антикалық, қытай, ежелгі парсы) ескерткіштері.
- •9.Қазақстан-Еуразия территориясындағы ең ежелгі адамның таралу аймағы(антропогегез,техногенез,социогенез).Тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.
- •10.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
- •11.Хунну, усун, кангюй мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.
- •12. Бүгінгі кезеңдегі қр-ның сыртқы саяси басымдықтары.
- •13. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және мәдени-рухани салдары.
- •14. XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының ұлттық санасын қалыптастырудағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.
- •15. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Ак Орда.
- •16. Социализмнің тоталитарлық-әкімшілік жүйесі және XX ғ. 40-50 жж Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі».
- •17.Көне түркі жазба ескерткіштері.Түріктердің тарихы мен мәдениеті туралы жазба деректер.
- •18. 19 Ғ. Соңындағы 20 ғ. Басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайындағы жаңа құбылыстар.
- •19.Қазақстандағы қала мәдениеті. Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •20. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»(1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»(1824ж) негізінде отаршылдық жүйенің жасалуы.
- •21.Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс.
- •22. Көне түріктердің діні мен наным сенімдері.
- •23. Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.
- •24. Ислам дінінің түрік тайпалары арасында таралуы. Ахмет Яссауи – сопылық (суфизм) діни бағытты уағыздаушы.
- •25. 19 Ғасырдың екінші жартысындағы Оңтүстік Қазақстандағы патша өкіметінің әскери-саяси шаралары.
- •26. Қазақстан территориясындағы этно-генетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •27. Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы. Социалистік революция мен коммунистік идеологияның мәні.
- •28. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы. (9-11 ғғ.).
- •30. 1917 Ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдайлар. Түркістанда «Қоқан» автономиясының жариялануы.
- •31. Қазақстандағы археологиялық деректердегі сақ тайпаларының мәдениеті мен дүниетанымы.
- •32.1924 Ж Түркістан республикаларындағы ұлттық-мемлекеттік межеулер.
- •33. Қазақстан аймағы монғол ұлыстары құрамында.
- •34. Xyiii ғасырдың аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлының бастауымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.
- •35. Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандық батырлардың ерлік істері.
- •36. Алтын Орданың этно-саяси тарихы.
- •37.Кіші жэне Орта жүз қазақтарының Ресей проректоратын қабылдауы.
- •38.Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
- •39.Қазақ- жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.
- •40. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және 1917 ж. Қазан революциясы: Қазақстандағы саяси күштер қақтығысы.
- •41.Қазақ хандығының тари хына қатысты жазба деректер.
- •42.1990-Жылдарда жаңа қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуы.
- •43.Мұхаммед Хайдар Дулати және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі.
- •44. Абай Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы.
- •46. XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрлі (мұсылмандық) және орыс білім беру жүйесі. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
- •47. Түркі кезеңдегі ғалымдары мен ойшылдары. Әбу-Насыр Әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн.
- •48. Тұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қызметі.
- •49. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шауашылығы, мәдениеті.
- •50. Кенесары (1802-1847ж.Ж.) Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге талпыныстар.
- •51. «Қайта құру» және 1985-1991 жж.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •53. Қазақстанда отарлау режимін орнықтыруға бағытталған патшалықтың реформалары: (1867-1868 және 1886, 1891жж. Әкімшілік-территориялық реформалар) .
- •54. Қазақ ауылын күштеп отырықшыландырудың және ұжымдастырудың қайғылы нәтижелері. ХХғ. 30ғ. Ашаршылық (аштық).
- •55. Батыс Түрік қағанатындағы этно-мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар.
- •56. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары және viiIғ. Орталық Азиядағы геосаяси жағдай.
- •57. Қазақстандағы қоныс аудару саясатының мақсаттары мен кезеңдері.
- •58. 1965-1966 Жж. Социалистік экономиканы реформалауға ұмтылыстар: жетістіктер мен қайшылықтар.
- •59. Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Моғолстан.
- •60. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс(1836-1838 жж).
- •61. Сталиндік режим тұсындағы Қазақстандағы саяси репрессиялар. Қазақстанға халықтардың депортациялануы және оның салдарлары.
- •62.Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: « Көшпелі өзбектер» хандығы.
- •63.Шыңғыс хан тұсында моңғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан мен Орта Азияны жаулаудың басталуы.
- •64. XXғ. Басындағы Қазақстан халқының әлеуметтік және этникалық құрылымының өзгеруі.
- •65. Қазақ хандығының саяси-құқықтық жүйесі.«Жеті жарғы».
- •66. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы.Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру ерекшеліктері.
- •70. Түріктердің этногенезі және түркі мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері.
- •71. 1995 Жылғы Конституция қр-ның негізгі заңы.
- •72. «Қазақстан-2030» -қр дамуының негізгі басымдықтарын көрсетіңіз.
- •73.Ксро-ның құлау себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптарын көрсетіңіз.
- •74. Қр экологиялық проблемалар және оны шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •76. Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •77. Ноғай ордасының саяси тарихы.
- •78. Орал,Торғай облыстарындағы қазақтардың 1867-1868жж. Ережеге қарсы көтерілісі.
- •79. Шыұ негізінде қр әскери қауіпсіздік мәселелерін талдаңыз.
- •80. Ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.
- •81. Қр Президенті Назарбаевтың қр-ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •82. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: жасалу тарихы мен семантикасы.
- •83. Қр Президентінің «Жаңа онжылдық: жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
- •85. Ксро-ның құлауы және Тәуелсіз мемлекеттер достығының құрылуы(тмд). Алматы деклорациясы.
- •86.«Невада - семей» қозғалысы және Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекет деп жариялау.
- •87. Нарықтық экономикаға көшу және тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуындағы мәселелер. (хх ғ. 90жж.-2000жж.)
- •88. Тәуелсіз Қазақстан: саяси құрылымның негіздері, азаматтық құқықтары мен міндеттрері, экономикалық дамудың принциптері.(қр Конституциясының «жалпы ережелері»).
- •89. Еқұы-дағы Қазақстанның төрағалығы. Саммиттің қорытындылары және тарихи маңызын ашыңыз.
1.Андронов мәдениеті:археологиялық ескерткіштер,кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады. Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады.Ескерткіштері Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар). Орталық Қазақстан бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер табылды. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.Кейінгі кезеңі — Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.Солтүстік және Батыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көп жылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы)қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу Ескерткіштері — Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды. Шаруашылығы. Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді. Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.